Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
Оңтүстік астанаға карантин режимінің енгізілуімен және азаматтардың кіруіне тыйым салуымен байланысты Алматы станциясының 50 қала сыртынан қатынап жұмыс істейтін қызметкерлері арнайы бөлінген вагондарда уақытша тұрып жатыр.Олар жүктерді қабылдапөткізушілер, құраушылар, белгі берушілер және өзге де жүк тасымалымен байланысты мамандық иелері.
- Өндірістік процес бұл станция үшін білікті мамандар өз жұмыс орындарында қалуды талап етеді. Біздің қызметкерлердің 80% қала маңында және облыстарда тұрып жатыр. Персоналды ары бері тасымау және өзге адамдармен байланыс болмауы үшін біз оларға жатын орын мен ыстық тамақ ұсындық. Қызметкерлердің асырап отырған отбасылары болғандықтан, өздері үшін Алматыдан баспананы жалға алуға мүмкіндіктері жоқ. Біз адамдарымыздың осы бір күрделі кезенді қиналмай өткерулері үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысудамыз, – дейді Алматы-1 станциясының басшысы Нұржан Құрманәлиұлы.
Станция басшысының өзі де қол астындағы қызметкерлерімен қатарласа көрші вагонда тұрып жатыр.
Вагондар қозғалысы жылдамдығының аға реттеушісі Тұрсынқазы Тойбазаров темір жолда 17 жыл жұмыс істейді. Өз отбасымен ол Талғар ауданы Абылай поселкесінде тұрады. Карантин енгізгенге дейін ол қоғамдық көлікпен Алматының шеткері жеріне дейін жетіп алып ары қарай үйіне дейін жаяулатып жететін. Бұған бір жарым сағат кететін.
- Қалада ТЖ жүріп жатыр. Осымен байланысты қоғамдық көлік жүрмейді, таксимен жүру қымбаттап кетті, оның үстіне облысқа ешкім шықпайды. Біз, қаламаңы поселке тұрғындары қиын жағдайда қалдық. Станция басшылығы бұл жөнінде білген соң купе вагондарында тұруға ұсыныс берді, бұл жерде тыныш, таза, жылы, жаңа төсек керек – жарағы мен үш мезгіл тамағы, бізге медициналық маска, қолымыз үшін зарарсыздандыру құралдарын берді. Енді көп уақытымыз ауысым алдындағы тынығуға кетеді. Әрине, үйімізді сағынамыз. Күн сайын әйеліммен телефон арқылы сөйлесіп тұрамын. Карантинді жақында алып тастап, біз бәріміз үйімізге, өз отбасымызға оралатынымызға үміттенеміз, деді ол.
Қазіргі кезде станцияда тек жүк жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде коронавирустың алдын алу жөніндегі барлық нұсқаулар сақталынып келеді.
Ғимараттарда арнайы жуу құралдарымен зарарсыздандыру тұрақты жүргізіліп келеді, маскалық режим енгізіліп, нұсқаулықтар ұйымдастырылып, коронавирус індетінің алдын алу шаралары туралы жаднамалар орнатылған.
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...