Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Екібастұз және Павлодар теміржолшылары  маска тігетін цех ашты
1173 / 09.04.2020 00:00

Екібастұз және Павлодар теміржолшылары маска тігетін цех ашты

Екібастұз және Павлодар ЖТ бөлімшелері станцияларының кәсіподақ комитеттері тыныс алу органдарын қорғау үшін маскаларды тігу жөніндегі шағын өндіріс құрды. Онда карантин кезінде қашықтан жұмыс істеу форматына көшірілген теміржолшылар еңбек етуде. Игілікті іске Екібастұз станциясының жүктер мен қол жүктерін қабылдапөткізушілері Жансұлу Жерлағапанова, Гүлмира Әлиақпарова, инженер-технологы Арзангүл Теңлесбаева өз үлестерін қосуда. Бұл тату командада жалғыз ер кісі – жүк вагонының басшысы Жанат Шахманов еңбек етуде.

Өндіріс Павлодар ЖТ бөлімшесінің директоры Мұхтар Жамбыловтың және кәсіподақ комитетінің төрайымы Айгүл Буебаеваның қолдауымен жұмыс істеуде.

Маскалар өз жұмыс орындарында қызметтерін атқарып жүрген теміржолшыларға таратылуда.

Біз қызметкерлеріміздің ерік күшіне қолдау білдіргіміз келді. Бұл жұмыс «Бірге – бір күшпіз!» ұранымен жүргізілуде, дейді Екібастұз станциясы цехтық комитетінің төрайымы Гүлмира Ғалымова.

Павлодар бөлімшесінің маманы Жанар Тоғаева мен инженер-технологы Уәсила Нұрмұханбетова өз әріптестері үшін 500 астам маска тікті.

Әйелдер үшін бұл – бос уақыттарында қуана айналысатын хоббиі.

- Біз осындай кезеңде ұжымға пайда келтіре алатынымызға қуаныштымыз, - дейді Жанар.

Теміржолшылар жуып, қайта пайдалануға болатын жақсы сапалы маскалар тігуде. Алайда, маскалар жеке тазалықты сақтаған кезде тиімді болуы мүмкін, сондықтан қолды жиі жуып немесе оларды спирті бар антисептикпен зарарсыздандыру ұсынылады.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер