Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Атырау теміржолшылары жалғызбасты  қарт адамдарды қамқорлыққа алды
1256 / 08.04.2020 00:00

Атырау теміржолшылары жалғызбасты қарт адамдарды қамқорлыққа алды

Атырау ЖТ бөлімшесінің басшылығы мен Кәсіподақ комитеті Қарттар үйінің тұрғындары үшін өз қолдарымен тіккен медициналық маскаларды алып келді. Бару кезінде волонтерлер жаңа коронавирус алдында әсіресе аға ұрпақтың осалдығын ескеріп, қарттармен кездесуден бас тартты. Теміржолшылар Қарттар үйі ауласын тазартты және дарбазаны сырлады.

Бұдан басқа, волонтерлер көпбалалы отбасыларға, бөлімшенің бұрынғы жұмыскерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге азық түлік жиынтығын жеткізді.

Төтенше жағдайлар кезеңі бойы мүмкіндігіне қарай біз қарт адамдарға көмек көрсететін боламыз. Біз аға ұрпаққа қарқорлық таңытуымыз керек. Ал жұқтыру деңгейін барынша төмендету үшін еріктілер маскалар мен қолғаптарды пайдаланып, екі метр қашықтықты сақтайды, - дейді кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынбасар Райсов.

Атырау ЖТ бөлімшесінде коронавирус індетінен өз қызметкерлері қорғау үшін зарарсыздандыру құралдары, резина қолғаптар, ылғалды бактерияға қарсы қағаз сүлгілер, респираторлар, тепловизорлар және өзге де қажетті қорғаныштық құралдары сатып алынды.

Жұмыскерлер өз әріптестері үшін көп мәрте және бір реттік пайдаланылатын маскаларды өз қолдарымен әзірлеуде.

Бөлімше басшылығы мен кәсіподақ комитеті карантин кезінде өзіғ ұстау ережесін түсіндірді, сондай-ақ теміржолшыларға көпшілік жиналатын орындарға барудан бас тартуға, ешкіммен араласпауға және жеке тазалықты сақтауға кеңес береді.

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер