Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржол отын-энергетикалық ресурстар шығынын азайтады
851 / 31.03.2020 00:00

Теміржол отын-энергетикалық ресурстар шығынын азайтады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ 2019 жылы локомотивтердегі отын және электрэнергетикалық шығындарды қысқарту бойынша энергожинақтаушы шараларды енгізу нәтижесінде 12 млрд теңгеден астам үнемге қол жеткізді. Мәселен, 2018 жылы 16, 8 мың тонна дизель отыны үнемделді, бұл ақшалай сипатта 3,5 млрд теңгені құрады.

Үлестік шығын бойынша көрсеткіш 0,5 кг/ 10 мың.ткм -бруттоға жақсарды. -Локомотив шаруашылығы электрэнергиясы мен дизельдік отынды ең ірі тұтынушы қатарынан. Энергоресурстарына кететін шығындар - бұл локомотив тартымына қызмет көрсету барысында "ҚТЖ-Жүк тасымалы"АҚ-ның бюджет шығынының басым бөлігін құрайды. Энергоресурстарының бағасы жоғары болып отырған қазіргі жағдайда, оларды үнемдеу біз үшін басымдыққа ие шара болып қалады, - деді ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директоры Қайрат Сәуірбаев.

Пойыздар тартымына жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстар шығынының есебін "Энергодиспетчерлік тартым" автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ ЭДТ) жүргізеді. Ол "ҚТЖ "ҰК"АҚ энергияжинақтау бойынша ірі жобалар қатарына кіреді. АСУ ЭДТ шеңберінде локомотив паркі нақтылығы жоғары бақылау-өлшеу аспабымен жарақтандырылған. Аспаптардың көрсеткіштері GPRS байланыс каналдары арқылы орталық серверге беріліп отырады. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ орталық аппараты мен филиалдарының құзырлы қызметкерлері АСУ ЭДТ-мен жарақтандырылған әрбір локомотивтің деректері мен параметрлеріне онлайн қолжетімді бола отырып, локомотивтегі отын шығынын бақылай алады.

Жүйе дизель отынын мақсатсыз жоюға мүмкіндік бермейді. Үнемдеудің тағы бір маңызды факторы ретінде, локомотивтерге экипировка жасау барысында дизель отынының шығынын азайту бойынша қабылданған шараларды атауға болады. Бұл жұмыс 2018 жылға қарағанда АСУ ЭДТ және ТЭК-тің отын-тарату бағандары көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздік деңгейін 6,8% -те 1,04%-ке дейін және дизель отынының шығынын 35 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Ақшалай сипатта үнем 6,4 млрд.теңгеден астам қаржыны құрап отыр.

Сонымен қатар 2019 жылы отынды сақтау бойынша шығындарда 2,5 млрд теңге шамасында қаржы үнемделді. Энергиятиімділігін арттырудағы позитивті фактор ретінде машинистер мен олардың көмекшілерінің отынды үнемдегені үшін марапатталуын айтар едік. Осы жылдың екі айында дизель отынын үнемдеу нәтижесіне қол жеткізген локомотив бригадаларының қызметкерлеріне 113 млн теңге көлеміндегі сыйақы төленген. Биылғы жылы алда тұрған міндет, пойыздар тартымына кететін отын-энергктикалық ресурстардың үлестік шығынын бір проценттен кем емес көрсеткіште төмендету тұр.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

270 / 29.03.2024

Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды

Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды Астанада вагон шаруашылығының өндірі...

105 / 29.03.2024

Екі теміржол әкімшілігінің тарихындағы жаңа рекорд

2024 жылдың 28 наурызында Достық-Алашанькоу халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды: бір күнде Қытайға 21 пойыз экспорттық қатынаста ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер