Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Сый-құрметке лайық
1391 / 06.03.2020 00:00

Сый-құрметке лайық

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен Компанияның бас инженер-басқарушы директоры Батыр Котырев бастаған ер-азаматтар теміржолшы әйелдерді арнайы қабылдап, мерекелері мен құттықтап ізгі тілектерін білдірді. Құшақтарын гүлге толтырып, опера және балет театрына билет тарту етті. «Ең сенімді, еңбекқор әйелдер біздің теміржолшы әйелдер» Сондықтан сіздерге деген құрметіміз бен алғысымыз зор, аялы жандар!» деді өз сөзінде Қ. Әлмағамбетов.

Биыл «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының мерекелік шарасына қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 20 әйел шақырту алса, соның үшеуі теміржолшы. Олардың арасында Астана вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Айман Жұмаділова да бар.

Айман Жұмаділова – нағыз теміржолдың өндірісінде шыңдалған маман. Болат жолда вагон қараушы әйелдерді кездестіру өте сирек жағдай. Ол өз өмірінің 27 жылын осы салаға арнапты. Әлі де тәжірибелі вагон қараушы ретіндегі жұмысын жалғастыруда. Әріптестері оны жауапкершілігі мол, бастамашыл, ұйымдастырушылық қабілеті зор маман ретінде жоғары бағалайды. Биыл қаңтар айында Айман еңбек ететін ауысым 90573 жүк вагонына, 67916 жолаушылар вагонына қызмет көрсетіпті. Тәжірибелі маман бүгінде шәкірт тәрибелеуде де жетістіктен кенде емес.

«Самұрық Қазына» АҚ басқарма басшысымен кездесуде А.Есімов ел көшін өрге сүйрейтін нәзік жандардың орны отбасында да, қоғамда да бөлек екенін жеткізді. 

Поделиться:
Популярные новости
14 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

30 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер