Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
2020 жылдың қаңтарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тиелген жүк 19 млн. тоннаны құрады. Пайдаланылған жүкағыны 17 млрд. т-км нетто болды.
Коммунальдық және тұрмыстық қажеттіліктері үшін тиелген көмір 8,7 млн. тоннаға жетсе, соның ішінде қазақстандық тұтынушыларға – 6,3 млн. тонна қатты отын.
Қаңтарда 570 мың тонна қазақстандық астық тиелсе, соның ішінде экспортқа 400 мың тонна, ұнтақ өнімдері – 174 мың тонна, ал экспорт – 100 мың тонна.
Сондай-ақ қаңтарда 800 мың тонна құрылыс жүктері тиелсе, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 2% жоғары, түрлі түсті руда мен күкіртті шикізаттың 1,4 млн. тоннасы, 387 мың тонна қара метал (2019 жылға +43%), темір мен марганец рудаларының 2 млн. тоннасы (2019 жылға қарағанда +12%) және де мұнайлы жүктердің 1,4 млн. тоннасы (2019жылғыға қарағанда +2%) тиеліп отыр.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...