Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Ұзынқұрамды тәжірибелік жүк пойызы алғаш рет Қорғас станциясынан (ҚХР) Алтынкөл станциясына (ҚР) жөнелтілді. Пойыз 70 шартты вагоннан тұрады.
Ұзынқұрамды пойыздарды құру жүктерді жеткізу жылдамдығын, локомотив өнімділігін және пойыз салмағы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Аталған технология сондай-ақ кері бағытта да жүзеге асырылады. Алтынкөл және Қорғас шекаралық станциялар арасында пойыздарды өткізу және тасымал көлемі артады.
2019 жылдың 9 айында аталған шекаралық өтпеден ҚР-дан ҚХР 390 мың тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% артық. Кері бағытта – 2,5 миллион тонна, өсім 56% құрады.
Жыл сайын контейнерлік пойыздар саны арта түсуде. Ағымдағы жылдың 9 айында 1076 пойыз қабылданды және өнделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 48% жоғары.
Алтынкөл станциясы арқылы контейнерлік құрамдар Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Әзірбайжан, Грузия және Еуропа елдеріне жөнелтілуде.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...