Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Биылғы жылдың 11 айында теміржол көлігімен 236 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
1062 / 11.12.2024 11:32

Биылғы жылдың 11 айында теміржол көлігімен 236 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді.

Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% - ға көп. Экспортқа 82 млн тонна жүк жөнелтілді. Тасымалдаудың ірі номенклатурасы қатарына көмір жатады. Барлығы 92,6 млн тонна көмір тасымалданып, оның 65,5 млн тоннасы ел ішіндегі тұтынушыларға жіберілді. Экспортқа 27,1 млн тонна көмір жөнелтілді.

Астық тасымалы да айтарлықтай өсімді көрсетеді. Астық тиеу 9,2 млн тоннаны құрап,  оның 7 млн тоннасы елімізден тыс жерлерге жөнелтілген.  Республика ішінде астық тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11% - ға артып, 2,2 млн тоннаға жетті. Ұнтақты өнімдерді тасымалдау 3% - ға өсіп, 2,9 млн тоннаны құрады, экспорт 4% - ға, 2,2 млн тоннаға дейін өсті.


Сонымен қатар, басқа да маңызды жүктерді тасымалдаудың өсімі байқалады. Мұнай жүктерін тиеу көлемі 2,2% - ға ұлғайып, 17,6 млн тоннаны құраған.  Қара металдар 4 миллион тонна көлемінде тасымалданып,  2023 жылмен салыстырғанда 2,5% - ға өскен. Түсті кен мен күкірт шикізатын тиеу де 8,5% - ға өсіп, 22,5 млн тоннаны құрады.
Поделиться:
Популярные новости
26 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

468 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер