Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОРЕЯДА ОҚЫП КЕЛДІ
1369 / 03.10.2019 00:00

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОРЕЯДА ОҚЫП КЕЛДІ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің жас қызметкерлері Сеул ғылым және техника ұлттық университеті Теміржол жоғары мектебінде магистрлық курс бағдарламасы бойынша біржылдық оқуын бітіріп келді.

Бұл жерде ақпараттық технологиялар саласында академиялық деңгейдегі (MBA, MS или Ph.D) білімге ие теміржол көлігі үшін мамандарды даярлайды. Олар жоғарыжылдамдықты қозғалысты, жеңілрельсті көлікті - LRT (Light Rail Transit) енгізу, магнитті левитациямен пойыздарды жөнелту және өзге де темір жолды дамытудың әлемдік тенденцияларын оқып білді. Оңтүстік Кореяның мемлекеттік гранты бойынша білім алғаннан кейін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Бекен Ақпан техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Бекен – болашағы зор жас қызметкер. Теміржолға ол 2014 жылы келіп, Астана локомотив пайдалану депосының жаңа технологиялар бөлімінде инженер-технолог болып жұмыс істеді.

Ол Мәскеу жол қатынастары мемлекеттік университетін «Локомотив» мамандығы бойынша бітіріп шықты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржол көлігі қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында «Болашақ басқарушы» курсы бойынша және локомотив шаруашылығындағы инновациялық технологиялар бойынша оқудан өтті.

«Кореяда білім алу өз әлеуетімді аршуға мүмкіндік берді. Бұл жаңа жетістіктерді бағалау, жаңа перспективаларды дамыту. Мектепте жылдам өзгеріп жатқан әлемге кірігуге, зерттеулермен айналысуға, дамуға ыңғайы бар білікті мамандарды дайындайды», - дейді Б. Ақпан.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

282 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер