Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
2019 жылдың 25 қыркүйегінде Гданьск қаласында (Польша) Қытай – Еуропа қатынасында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру бойынша ыңтымақтастықты тереңдету туралы Ресей, Польша, Моңғолия, Қазақстан, Германия, Беларусь және Қытай темір жолдары арасындағы келісімді жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмысшы тобының Бесінші отырысы болып өтті.
Қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сауырбаев бастап барды.
БЖТ қатысушыларының отырысы барысында 2019 жылдың 8 айындағы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру жұмысының қорытындылары шығарылды және 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспарын пысықтап алды.
Қ. Сауырбаев өз сөзінде Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағытына контейнерағының тарту және дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атады.
Отырыс қорытындысы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған Ақпараттық өзараықпалдастық жөніндегі сарапшылар кіші тобы жұмысының перспективалы бағыттарының тізбесі және 2020-2022 жылдарға арналған маркетинг және тасымалдарды ұйымдастыру жөніндегі сарапшылар кіші тобы жұмысының перспективалы бағыттарының тізбесі бекітілді.
Сондай-ақ Бірлескен жұмыс тобы төрағасының, «Қытай темір жолдары» МК бас директоры Ли Вэньсиннің өкілеттік мерзімі ұзартылды.
Жұмыс тобы мүшелері қосымша көлемдерді тарту, бәсекегеқабілеттілікті арттыруға және толықтай алғанда жүк тасымалы нарығында теміржол көлігі үлесін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Бірлескен жұмыс тобының Алтыншы отырысы 2020 жылдың 7-8 сәуірінде Калининград қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Также стоит проверить этот онлайн календарь периодов , который представляет дни месяца в простой для понимания календарь с вашим периодом и днями овуляции.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...