Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ТАМЫЗДА ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 22 МЛН. ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАНДЫ
1464 / 05.09.2019 00:00

ТАМЫЗДА ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 22 МЛН. ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАНДЫ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша ағымдағы жылдың тамызында тиелген жүк көлемі 22 млн. тоннаны құрады. Тас көмірдің 8,6 млн. тоннасы тиелсе, еліміз ішінде тасымалданғаны – 6 млн. астам тоннасы.

Тиелген астық 400 мыңнан астам тоннаны құраса, соның ішінде экспорт – 287 мың тонна. Ағымдағы жылдың тамызындағы пайдалану жүк айналымы 19 млрд. т-км нетто-ға жетіп отыр.

Толықтай алғанда, 2019 жылдың 8 айындағы қорытынды көрсеткендей, «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 165 млн. тонна жүк тиелген. Атап көрсеткендей, тас көмірдің – 65 млн. тоннасы, соның ішінде еліміз бойынша – 44 млн. тоннадан астам, астық – 6,4 млн. тонна болса, соның 4,3 млн. тоннасы экспортқа жөнелтілді.

Қаңтар-тамыздағы пайдалану жүк айналымы 146 млрд. астам т-км нетто-ны құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс вагонының айналымы (+2,2%), жүк пойызының учаскелік және техникалық жылдамдығы, жүк вагоны (+2,8%) мен локомотив (+2%) өнімділігі сияқты пайдалану қызметінің сапалық көрсеткіштері жақсарды.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

279 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер