Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ЖҮКЖӨНЕЛТУШІЛЕР АСТЫҚ ТИЕУ ЖОСПАРЫН АЛДЫН АЛА МӘЛІМДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ
997 / 04.09.2019 00:00

ЖҮКЖӨНЕЛТУШІЛЕР АСТЫҚ ТИЕУ ЖОСПАРЫН АЛДЫН АЛА МӘЛІМДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

Қостанай темір жол желісінде биылғы астықты тиеу және тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі болып өтті. Кеңеске «Қазтеміртранс» АҚ, «Астық Транс» АҚ өкілдері, өңірдің ірі астық трейдерлері қатысты.

Қостанай өңірі – астық және астық өнімдерін тиеу бойынша Қазақстанның алндыңғы қатарлы облыстарының бірі. Негізінен астық Қытай, Ауғанстан, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне жөнелтілуде. Қазіргі таңда бөлімшеде астық тиеу баяулап қалды. Тамызда 110 мың тонна астық тиелсе, соның ішінде 70 мың тоннасы экспортталды.

Бөлімшеде туындаған өзекті мәселелерді күнделікті жедел шешу үшін арнайы астық тобы құрылды, маневрлік локомотивтер саны артты.

Вагондар айналымы уақытын қысқарту мен тиеу операциялары кезінде тосылуды қысқарту, толық көлемде тиеу және тасымалдауды біркелкі қамтамасыз ету үшін жүкжөнелтушілер тиеу жоспарларын алдын ала мәлімдеуге шақырды. Жүкжөнелтушілерге кеден, фитосанитарлық органдарға және өзге де қатысты құрылымдарға тапсырысты дер кезінде берулері қажет. Сондай-ақ ЖТ Қостанай бөлемшесінің басшылығы жүкжөнелтушілерге вагондар айналымын айтарлықтай жеңілдететін бағыттық пойыздарды әзірлеуді қазірден бастау керектігі ұсынылды.

Бұл ретте жүкжөнелтушілерге осы маусымдағы тиеудің айтарлықтай үлесі ұнға тиесілі екені хабарланды. Бұдан басқа, жүкжөнелтушілер демалыс күндері жұмыс істемейтін элеваторлардың жұмыс кестесіне шағымданды.

Поделиться:
Популярные новости
182 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

320 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

257 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер