Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Вагондар қабылдаушы – «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурсының жеңімпазы
1378 / 28.08.2019 00:00

Вагондар қабылдаушы – «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурсының жеңімпазы

Орал вагон пайдалану депосының вагон қабылдаушысы Дәуренбек Ишімов Жастар жылы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасы бойынша өткен «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.

Марапатталғандар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақмола магистралдық желісі» филиалының Көкшетау белгі беру және байланыс дистанциясының аға радиобайланыс электромеханигі Александр Ляшенко және «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалының жолаушылар вагонының жолсерігі Дархан Әнуаров бар.

Жеңімпаздарды құттықтаудың салтанатты жиыны Қор Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен болып өтті.

«Бүгін мына залда өзгелерді жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ыңталандыра алатын және әріптестерін өз үлгілерімен шабыттандыруға қабілетті портфельдік компаниялардың үздік қызметкерлері жиналып отыр. Конкурс Қор мен оның компанияларының өсіп-өркендеуіне сіздердің әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңізді бағалауға көмектесті», - деді А. Есімов.

Әлеуметтік өзараықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырған конкурс 2019 жылдың сәуірінде бастау алды. Құрметті атақ үшін 30 адам күресті: «Самұрық-Қазына» АҚ он портфельдік компаниясынан үш үміткерден.

Үш апталық онлайн-дауыс беру қорытындысынан кейін он көшбасшы анықталды. Осы кезен ішінде дауыс беру бөлімін 80 мың адам қараса, соның жеті мыңы дауыс беруге қатысқан.

Дәуренбек Ишімов – 29 жаста. Ол «Вагон шаруашылығының жас маманы» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, «Ең үздік жас маман-2014» салалық конкурсының лауреаты. Сондай-ақ жұбайымен бірге «Жас отбасы-2015» салалық конкурсында екінші орынға ие болды.

«Темір жолда жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті, жоғары білім деңгейін, тәртіп пен принципшілдікті талап етеді. Біз пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолаушылар өмірі мен тасымалданатын жүктердің сақталуына жауапкершілікпен қараймыз», - дейді Дәуренбек Ишімов.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

58 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер