ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Қорғас станциясында жарты вагондар құрамын кең жолақтан тарға ауыстырған темір рудалы жұмыркесекті алғашқы эксперименттік тиеу басталды.
Құрам Железнорудная станциясынан Қытайға Алтынкөл-Қорғас шекара өтпесі арқылы жөтелтілді. Бұрындары темір рудасы Қостанай облысынан Достық – Алашанькоу өтпесі арқылы жеткізілетін.
Темір рудасы жаңа дәліз арқылы жеткізу Қазақстаннан Қытайға жүктерді үнемді де ыіңғайлы жеткізуді қамтамасыз етіп, көліктік ағынды оңтайландырады және жүктер экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
Тамызда 150 мың тоннадан астам тасымалданып, тәулігіне екі құрам тиеледі. Келесі айларда тасымал көлемі айтарлықтай артады деп күтілуде.
Алтынкөл – Қорғас арқылы жүктерді жеткізу мәселелері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Мұхтар Махамбет пен «Үрімші темір жолы» ЖШҚ халықаралық тасымалдар департаменті басшысының орынбасары Кан Шэннің қатысуымен ҚР және ҚХР арасындағы шекаралық темір жолдары мамандарының жұмыс кездесуі барысында талқыланды.
Кездесуде сонымен қатар өз вагон паркі бар жүкжөнелтушілер мен алушылар да қатысты.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...