Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ АСТЫҚТЫ ҮЗДІКСІЗ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН СЕРВИСТІ КЕҢЕЙТУДЕ
1192 / 19.07.2019 00:00

ҚТЖ АСТЫҚТЫ ҮЗДІКСІЗ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН СЕРВИСТІ КЕҢЕЙТУДЕ

Компания Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ биылғы астықтың дәнді дақылдарын тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті.

Жиынға аграрлық кәсіпорындар басшылары, жылжымалы құрам операторлары, мүдделі ведомстволар өкілдері қатысты.

«Үздіксіз тасымалдауды жүзеге асыру үшін барлық процеске қатысушылардың нақты келісілген іс-әрекеттері қажет», деп атап көрсетті Қ.Әлмағамбетов.

Кеңесте жылжымалы құрамның айналым нормаларын сақтау бойынша жабық вагондармен, астық тасымалдау вагондары паркімен жаңа астықты шығару атап өтілді.

2019 жылы тиеудің жалпы көлемі 10 млн тонна астық және 1,8 млн. тонна ұнтақ өнімдері.

Ағымдағы жылдың жартысында 5,4 млн. тонна астық тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 2% жоғары және де 1,3 млн. тонна ұңтақ өнімдері тасымалданды. Астық экспорты өткен жылғыдан 5% артты және 4,2 млн. тоннаны құрады. Орталық Азия елдеріне астықтың 50% тиелуде, еуропалық бағытқа - 25%. Ұн өнімдері негізінен Ауғанстанға (60%) және Орталық Азия (35%) елдеріне жөнелтілді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов маусымдық жүктің тасымалын тиімді ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Контейнерлік пойыздармен өндірістік ұндық-жарма өнімдері мен дәнді-бұршақты дақылдар, астықты тасымалдауда төмендеткіш коэффициенттер белгіленді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен Өзбекстан мен Тәжікстанға астық бағыты құрылатын болады. Бұл жүктерді жеткізуді жеделдетеді және вагондар айналымын екі есеге қысқартады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүктерді тасымалдауға қатысты қызмет көрсету, сұрақтарға жауап беру мен мамандардың кеңесі, ақпараттық анықтама беру бойынша Call-орталық жұмыс істеуде.

Кеңес барысында жүкжөнелтушілерге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бірлесе вагондардың тоқтап тұруын қысқартуға бағытталған шаралар қабылдауға ұсыныс берілді. Теміржолшылар тасымалды сапалы жоспарлауға шақырды.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

69 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер