Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
1199 / 18.07.2019 00:00

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Ағымдағы жылдың басынан теміржолшылар тұрғындармен 2 мыңнан аса алдын алу әңгімелесулер өткізді. Темір жолы маңында өзін ұстау ережелері туралы ақпараттарды 22 мыңнан артық адам тыңдады.

Еліміздің барлық өңірлерінде құқық қорғау органдарының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ аумақтық көлік бақылау органдары, полиция мен көліктік прокуратура өкілдерін шақыра отырып, алдын алу іс-шаралары шеңберінде 100 аса үйлестіру кеңесінің отырысын ұйымдастырды.

Ірі теміржол вокзалдары ғимараттарында жолдан өту ережелері жөніндегі бейнероликтер көрсетілуде. Дауыс зорайтқыштар арқылы келген және өтіп бара жатқан пойыздар туралы ақпараттар жарияланады, сондай-ақ аса қауіпті аймақ екендігі тұрғындар назарына салынады. «Темір жол – аса қауіпті аймақ» айлығы тұрақты түрде өткізіледі. Темір жолмен жапсарлас учаскелер мен станция аумақтары адамдардың жолдың үстіне шығып кетпеуі үшін құрылғылармен қоршалған. Осылайша, 290 шақырымнан астам магистральдық жол қоршалған.

Соңғы жылдары теміржол бойына малдардың шығып кетпеуі үшін 2400 шақырым сым қоршау орнатылып, жөнделгені – 6644 шақырым. Толықтай алғанда, жыл сайын 300 шақырымнан астам шарбақ тұрғызылады. Барлығы малдың жолға шығып кетпеуі үшін 6890 шақырымнан астам шарбақ бар. 2019 жылдың 6 айында жол үстіндегі малды немесе адамды басып кетпеуі үшін локомотив бригадаларымен 2200 жедел тежегішті басу орын алыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13% жоғары.

Жол жүргенде көру қиындаған жағдайында (тұман, жауын және өзге де.) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыз мәшинистері мекен жайларға жақындаған кезде ескерту дабылдарын береді және пойыз жылдамдығын төмендетеді. Теміржолшылар темір жолға жақындаған кезде жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.

Теміржолды тек осыған арналған және жарақтандырылған орындардан ғана, онда да рұқсат дабылы берілген кезде немесе жақындаған пойыздың жоқтығына көз жеткізген кеде ғана кесіп өтуге болады.

Поделиться:
Популярные новости
118 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

130 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

26 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер