Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты ...
Алашанькоу станциясында (ҚХР) «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Саурбаев пен бас директор орынбасары Го Ли бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Үрімші темір жолдары» ЖШҚ делегацияларының жұмыс кеңесі болып өтті.
Тараптар 2019 жылдың бірінші жартысындағы ҚХР мен ҚР шекаралық темір жолдарының жұмыс қорытындысын шығарып, шекараөтпесі арқылы пойыздарды үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету бойынша ыңтымақтастықты ары қарай да дамыту мәселелерін қарады.
Екі ел арасында импорттық-экспорттық және транзиттік жүкағынының өскені атап өтілді. 2019 жылдың қаңтар-маусымында ҚХР мен ҚР арасындағы тасымал көлемі 7,6 миллион тоннаны құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19% көп болды. Соның ішінде, Достық – Алашанкькоу шекараөтпесі арқылы тасымал көлемі 5,9 млн. тоннаға жетсе, бұл өткен жылғыдан 11% көп, Алтынкөл – Қорғас шекараөтпесі арқылы – 1,7 млн. тонна (+57%).
ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктерінің өкілдері Достық – Алашанькоу тар табанмен тәулік сайын 10 кем емес пойыздарды, кең табанмен – 14 пойызды, Алтынкөл – Қорғас тар табаны бойынша – 12 кем емес пойыздарды, кең табанмен тәулігіне 4 кем емес пойыздарды өткізу арқылы тасымалдарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды күшейтуге уағдаласты.
Кең табан бойынша локомотивтер айналымын қысқартып, бос вагондарды қайтаруға және дер кезінде түсіруді қамтамасыз етуге келісті.
Кеңес барысында тиелген контейнерлерді тасымалдауға жеңілдікті тарифтер белгілеу, Ляньюнган порты арқылы Қытай аумағы бойынша Оңтүстік Корея мен Жапонияға Қазақстанның көмірін тасымалдау және өзге де мәселелер талқыланды.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...