Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Қазақстандық Екібастұз-2 станциясынан ресейлік Малорефтинская станциясына және кері бағытта жүктер цифрлық қол қоюды қолдану арқылы жөнелтіледі.
2019 жыл ақпанының басында Екібастұз 2 – Малорефтинск бағыты бойынша қағазсыз технология бойынша 619, ал Малорефтинск – Екібастұз бағытына 1313 тасымал құжаты рәсімделген.
Жүк жөнелтудің қағазсыз технологиясы шекара арқылы өтетін, вагондар туралы электрондық хабарлама алмасу жөніндегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ОАО арасындағы келісім шеңберінде қолданылып келеді. Жұмыс (ШКЖ АБЖ) шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша жүргізілуде. Жүйе Қазақстан аумағы бойынша жүктерді тасымалдау процесінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, қағазсыз құжатайналымын барынша төмендетуге бағытталған.
Қағазсыз технологияны енгізудің бірқатар артықшылықтары бар. Ол жүктер мен коммерциялық жұмыстардың технологиялық процестерін жетілдіруге, қызмет көрсету уақытын жеделдетуге мүмкіндік береді. Жүйе жүкжөнелтушілер мен алушылардың қағаз түрінде құжаттарын станцияға әкеліп және рәсімдеуге жұмсайтын, сондай-ақ контейнерлердің, тиелген вагондардың тоқтап тұруын төмендету есебінен ақшаларын үнемдейді. Бұдан басқа, есеп беруге кететін уақыт қысқарады. Алайда ең бастысы, жүйе кез келген жемқорлық сыбайластық құрамды болдырмауға және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда ШКЖ АБЖ арқылы электрондық тасымал құжаттарын әзірлеу Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей, Алматы, Ақтөбе, Орал темір жол бөлімшелерінде жүзеге асырылуда.
Нұра – Топар бағыты бойынша және кері бағытта сондай-ақ электрондық цифрлы қолды (ЭЦҚ) қолдану арқылы пилоттық іске қосылуы ұйымдастырылды.
Халықаралық теміржол жүк қатынасында электронды мәліметтермен алмасуға Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан теміржол әкімшілері мүдделілік таңытып отыр. Жүкқұжаттардың электрондық көлемі мәліметтерін берудің сынағы өткізіліп, мәліметтердің электрондық алмасымын өндірістік режимге қосу бойынша жұмыстар жоспарланған.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...