Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап «KTZ Express» АҚ әмбебап жылжымалы құрамдармен (жабық вагондар, жартылай вагондар мен әмбебап платформалар) көліктік экспедицияларды және операциялық қызметтер көрсетуді тоқтатады. Аталған функциялар «Қазтеміртранс» АҚ берілді.
«KTZ Express» АҚ келісім-шарттық қатынасы бар жүкжөнелтушілер, экспедиторлар және өзге де мүдделі тұлғалар енді тиісті келісім-шарттарды «Қазтеміртранс» АҚ жасасуы керек.
Алтынкөл-эксп./Достық-эксп. Станцияларынан тасымалдау кезінде операциялық келісім-шаттар жасасу үшін «Қазтеміртранс» АҚ – Алматы филиалының [email protected] электрондық поштасына реквизиттері көрсетілген, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттардың көшірмесі салынған ресми сұрау бағыттау қажет. 2019 жылдың 1 ақпанынан жүргізіліп келе жатқан Алтынкөл, Достық шекаралық тораптық станциялары арқылы халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдаудағы жүк вагондарына операторлық қызмет тарифы, сондай-ақ 2019 жылдың 1 ақпаны мен 2019 жылдың 31 наурызында жүргізіліп отырған республикаішілік қатынастағы жабық вагондармен, платформалармен және жартылай вагондармен жүктерді тасымалдау кезінде операторлық қызмет тарифы «Қазтеміртранс» АҚ ресми сайтында орналастырылатын болады.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...