Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1672 / 31.01.2019 00:00

2019 жылдың 1 ақпанынан бастап вагондар операторы қызметін «Қазтеміртранс» АҚ атқаратын болады

2019 жылдың 1 ақпанынан бастап «KTZ Express» АҚ әмбебап жылжымалы құрамдармен (жабық вагондар, жартылай вагондар мен әмбебап платформалар) көліктік экспедицияларды және операциялық қызметтер көрсетуді тоқтатады. Аталған функциялар «Қазтеміртранс» АҚ берілді.

«KTZ Express» АҚ келісім-шарттық қатынасы бар жүкжөнелтушілер, экспедиторлар және өзге де мүдделі тұлғалар енді тиісті келісім-шарттарды «Қазтеміртранс» АҚ жасасуы керек.

Операциялық келісім-шарт жасау үшін «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының http://kazcargo.kz/ru/o_kompanii/kontakty/ адресіне немесе «Қазтеміртранс» АҚ – «Вагон паркі дирекциясы» филиалының sales@kaztt.kz электрондық адресіне реквизиттері көрсетілген, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттарының көшірмелері салынған ресми сұрау бағыттау керек.
Экспорттық қатынастағы тарифтерді есептеу және көліктік экспедицияларға келісім-шарттар жасасу үшін «Қазтеміртранс» АҚ атына tarif@kaztt.kz электрондық поштасымен реквизиттері көрсетілген, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттардың көшірмесі салынған ресми сұрау бағыттау қажет.

Алтынкөл-эксп./Достық-эксп. Станцияларынан тасымалдау кезінде операциялық келісім-шаттар жасасу үшін «Қазтеміртранс» АҚ – Алматы филиалының nurgozhaeva_a@kaztt.kz электрондық поштасына реквизиттері көрсетілген, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттардың көшірмесі салынған ресми сұрау бағыттау қажет. 2019 жылдың 1 ақпанынан жүргізіліп келе жатқан Алтынкөл, Достық шекаралық тораптық станциялары арқылы халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдаудағы жүк вагондарына операторлық қызмет тарифы, сондай-ақ 2019 жылдың 1 ақпаны мен 2019 жылдың 31 наурызында жүргізіліп отырған республикаішілік қатынастағы жабық вагондармен, платформалармен және жартылай вагондармен жүктерді тасымалдау кезінде операторлық қызмет тарифы «Қазтеміртранс» АҚ ресми сайтында орналастырылатын болады.

Тарифтерді есептеу, көліктік экспедиция, операциялық қызмет көрсету жөніндегі байланыс телефондары «Қазтеміртранс» АҚ http://kazcargo.kz/ru/perevozki/arenda/raschet_stavok/ ресми сайтында жарияланып отыр. 
«KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдарды экспедициялау және операциялық қызмет көрсету бойынша жұмысын жалғастыра беретін болады.

Поделиться:
Популярные новости
37 / 25.12.2025

ҚТЖ локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйін жаңартты

2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы аясында 15 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға ...

36 / 25.12.2025

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңа жыл қарсаңында «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға сый...

70 / 22.12.2025

Владимир Петров «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – &la...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер