Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Сороковая станциясында пойыздарды күту пункті ашылды
1444 / 06.12.2018 18:18

Сороковая станциясында пойыздарды күту пункті ашылды

Сороковая станциясында № 328 жолаушылар пойызын, «Ерментау-Көкшетау», «Астана-Қарағанды» электр пойыздарын күтуге арналған пункт  жұмыс істейді.

Бұрын жолаушылар пойыздарды сыртта немесе станция әкімшілігінің ғимаратында күтетін. Пункт ыңғайлы орындықтармен, дыбыстық хабарландыру функциясымен жабдықталған.

«Біз күту пунктін өз күшімізбен жабдықтадық. Біздің ғимараттың бірінші қабатында тауар кассирлері жүк жөнелтушілермен жұмыс жасайды. Бұл үрдіс өз пойыздарын күтіп тұрған жолаушылар, және жүктерді жөнелту үшін құжаттар рәсімдеуші клиенттер қабаттасқанда күрделене түсетін. Сондықтан да біз осындай күту залын аштық», - дейді станция бастығы Дастан Онбеспаев.

«Бұл өте ыңғайлы. Пойызға, әдетте, 20-30 минутқа бұрын келесіз. Енді мұнда кез-келген қолайсыз ауа-райында пойызды күтіп тұруға болады. Теміржолшыларымызға халыққа көңіл бөлгені үшін рахмет», - деді, өз кезегінде, ауыл тұрғыны, зейнеткер Роза Шахманова.

Поделиться:
Популярные новости
10 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

63 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер