Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
Көкшетауда Ақмола өңірінің теміржолшылары арасында Тәуелсіздік күніне арналған қазақ күресі ұлттық белдесуі бойынша жарыс болып өтті.
Жарыс Ақмола темір жолы бөлімшесінің кәсіподақ комитеті мен басшылығы бастамасымен өтті.
Байқауға Көкшетау, Бурабай-Курорты, Тайыншы, Володар, Қарағай және Атбасар теміржол мекемелерінің 30 тарта өкілі қатысты. Белдесуге 60 келіге дейінгі, 74 келіге дейінгі және абсолюттік салмақтағы балуандар шықты.
Жарыстың қорытындысы бойынша 60 келіге дейінгі салмақта бірінші орын Атбасар дабыл және байланыс дистанциясының электрмеханигі Самат Шахаровқа, екінші орын – Новоишим локомотив депосының машинисі Сәкен Әбітайға, ал үшінші орын Көкшетау станциясының реттеушісі Өмірбай Халелге бұйырды.
74 келі салмаққа дейінгі күресте бірінші орынды Атбасар вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің тексерушісі Нұрсұлтан Қонысовқа, екінші орын – Көкшетау ішкі істер желілік бөлімшесінің қызметкері Абылай Досановқа, үшінші орын – Көкшетау станциясының құрастырушысы Жанбота Әлжановқа бұйырды.
Абсолюттік салмақ дәрежесінде Көкшетау айналма депосының машинисі Мирас Оспанов жеңімпаз атанды.
Жарысты ұйымдастырушылар атап өткендей, ұлттық жекпе жек теміржолшылар арасында үлкен сұранысқа ие.
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...
2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...