Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық кө...
Алтынкөл станциясының теміржолшылары балалар үйін қолдау мақсатында «тәтті жәрмеңке» өткізді.
Алтынкөл станциясында Станция бастығы жылын қорытындылау аясында Жастар кеңесі кәсіподақ комитетімен бірлесіп, Жаркент қаласындағы жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында жаңа піскен нан өнімдерінің қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Алтынкөл станциясының әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында нан өнімдері мен әртүрлі тағамдар қойылған үстелдер орналастырылды, сатудан түскен қаражат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті заттар сатып алу үшін жұмсалатын болады.
«Жақсылық жасау оңай!» - біз барлық бей-жай емес адамдарға осындай үндеу жолдадық, және алғашқы болып станция қызметкерлері жауап қатты», - деді Алтынкөлдің станциясының кадр жөніндегі инспекторы Әйгерім Мұқажанова.
Жәрмеңкеге СТО операторлары, Алтынкөл станциясының басқару аппараты мен кезекшілік апаратының, халықаралық есеп айырысу жөніндегі бөлімінің теміржол қызметкерлері, тауар кеңсесінің және жүк және багажды тапсыру, қабылдау кеңсесінің мамандары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, піскен өнімдер 40 минут ішінде сатылып кетті.
Акцияға «Хоргос-Шығыс қақпасы АЭА-ның, Алтынкөл, ТШЭ-28 станциялары кеден бекетінің, ВЧД – 25, «Кедентранссервис» АҚ, «KTZ Express» АҚ және басқа компаниялардың қызметкерлері де қолдау көрсетті.
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіммен 2,9...
ҚТЖ-да Ауғанстанға астық өнімдерін тасымалдау мәселесі бойынша жүк жөнелтушілермен, Бейнеу элеваторымен келіссөздер жүргізілді. Кезде...
Қыркүйек-қазан айларында жаңа егінді тасымалдау 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі...