Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Транзит - экономикалық өсу нүктесі
3871 / 13.11.2018 12:57

Транзит - экономикалық өсу нүктесі

Транзиттік әлеуетті жүзеге асыру Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалар елдің транзиттік мүмкіндігін пайдаланудың тиімді жолдарын құруға бағытталған.


Көлік-логистикалық саланы дамыту, жүк тасымалын ұлғайту, транзиттік контейнерлік пойыздардың көлемін 2020 жылға қарай 2 млн. ДФЭ-ға жеткізу бойынша Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған тапсырмаларды іске асыру туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Саурбаев әңгімелеп береді.


- Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан заманауи транзиттік хаб ретінде қарқынды дамып келеді. Қолайлы географиялық жағдай бізге Еуропа мен Азияны мемлекетаралық көлік дәлізімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Біздің аумағымыз арқылы алты халықаралық трансқұрлықтық транзиттік дәліз өтеді. Сонымен қатар, олардың қазақстандық сәулеті қатал бәсекелестік жағдайында қалыптасады.


Қазіргі кезде Қытай-Еуропа-Қытай жалпы құрлық транзитінің шамамен 70% біздің ел арқылы өтетінін айта кету керек.


Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында трансазақстандық дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Шығыс-Батыс бағытындағы транзиттік контейнерлік пойыздардың жыл сайынғы өсімі қамтамасыз етілуде.


2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағы арқылы 3 163 контейнерлік пойыз жүріп өтті. ҚХР-Еуропа бағытындағы өсім 1,4 есе, ал кері бағытта - 1,8 есені құрайды.


Біздің алдымызда жыл соңына дейін контейнерлік транзиттік тасымалдардың көлемін 526 мың ДФЭ дейін, кері жүктелім деңгейін 70% -ға дейін, ал транзиттен түскен табысты 40% -ға дейін жеткізу міндеті тұр.


2020 жылға қарай біздің еліміз арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемін 10 есеге - 2 млн. ДФЭ-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Логистикалық тұрғыдан алғанда, ҚР арқылы теміржолмен жүктерді тасымалдау теңіз арқылы тасымалдаудан үш есе жылдам және ауа көлігімен салыстырғанда шамамен 10 есеге арзан.


Қойылған міндеттерді табысты шешу үшін, күшті мемлекеттік қолдаудың арқасында, Қазақстанда жоғары табысты түсімдер көзі ретінде транзит үшін негізгі инфрақұрылымдық жағдайлар жасалынды.


«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру шеңберінде континенттің ең ірі нарықтарына қауіпсіз және қысқа жолдарды қамтамасыз ететін транзиттік-көлік дәліздерінің қазіргі заманғы жүйесі құрылуда.


Соңғы бірнеше жылда 2500 шақырым жаңа темір жол желісі салынды. Негізгі транзиттік учаскенің өткізу қабілетін арттыру мақсатында Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдар салынды.


Қазақстанның ішінде және одан тыс жерлерде Еуразия құрлығындағы жүк ағындарын шоғырландырудың және таратудың негізгі пунктерінде логистикалық орталықтардың негізгі желісі құрылуда.


Орталық Азияда транзиттік жүк ағымдарын арттыру мақсатында Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркменстанның жүк жөнелтушілерімен және теміржол әкімшіліктерімен ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Өзбекстан мен Түрікменстанмен Ауғанстан мен Иран бағытында тасымалдау көлемін арттыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.


Ортақ іске тартылған елдердің теміржол әкімшіліктерімен жыл бойы ҚР аумағы арқылы қазақстандық экспорт пен транзиттің нығаюына қолайлы әсер ететін тарифтік шарттар бойынша келіссөздер жүргізілуде. Олардың алғашқы нәтижелері - транзиттік бағытта қосымша тасымалдау көлемін тарту, оның ішінде: Ресейден Иранға астық және қара металл, Ресейден Өзбекстанға темір рудалары, Ресейден Қытайға мұнай коксы мен тыңайтқыштар, Өзбекстаннан Түркияға химиялық заттар.


Транзиттік тасымалдау көлемдерінің өсу динамикасын қамтамасыз ету үшін біз негізгі көлік дәліздері бойынша стратегиялық альянстар шеңберінде белсенді жұмысты жалғастырамыз.


Еуразиялық экономикалық одақ, Ресейлік және Белоруссиялық теміржол серіктестіктерімен бірігіп, Біріккен көлік-логистикалық компаниясы (БКЛК) аясында табысты жұмыстар жүргізілуде.


БКЛК-мен бірлесіп 1520 кеңістікте бос қашықтықтарды оңтайландыру, тасымалдауды жоспарлау, сондай-ақ Қазақстан аумағы бойынша транзитке тарифтерді төмендетусіз ЕАЭО елдерінің тепе-тең тарифтік саясаты есебінен транзиттік қызметті дамыту бойынша кешенді жоспар іске асырылды.


Алтынкөл/Достық-Жетібасты Мар және Алтынкөл/Достық – Ақсу учаскелері бойынша қосымша маршруттар әзірленді. Достық-Брест/Алтынкөл – Брест маршрутында вагон құрауышы есебінен кешенді мөлшерлеме оңтайландырылды, бұл баламалы маршруттармен бәсекелесуге және жүк тасымалы көлемдерінің екі есе өсімін сақтауға мүмкіндік береді.


Транскаспий халықаралық көліктік маршруты (TХКМ) аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қытайдан Италияға томат пастасы және қазақстандық астық жүктерін Түркия бағытында тұрақты түрде жөнелту жөнге келтірілді.ТХКМ бағыты ойынша экспорттық контейнерлік тасымалдарға Құрық паром кешені мен Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісінің іске қосылуы қосымша серпін берді. Бұл Түркияның оңтүстік және батыс порттарына дейін теміржол арқылы тікелей тасымалдауларды, Жерорта теңізіне шығуды қамтамасыз етеді. Экспорттық бағытта Қазақстанның бірқатар астық жүктерін контейнерлендіруге ықпал етеді. 2018 жылы Баку-Ахалкалаки-Карс жаңа бағыты бойынша Түркияға қазақстандық астық жүктелген 1483  контейнер тасымалданды.


Иран және түркімен теміржолшыларымен бірге Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол желісін дамыту және осы елдердің аумақтары бойынша, соның ішінде Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша контейнерлерде бәсекеге қабілетті тарифтік кешенді мөлшерлемелерді ұсыну жолымен қосымша тасымалдау көлемін тарту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы 12 контейнерлік пойызға рұқсатнама ұйымдастырылды.


Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалдау саласында, қосымша жүк ағындарын тарту үшін, икемді тарифтік саясат жүзеге асырылуда. Жүктердің 20-дан астам позициясына жеңілдетілген тарифтік шарттар бекітілді.


ҚР-ның қолайлы логистикалық ахуалын қалыптастыру мақсатында e-freight жүйесін енгізу, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кедендік процедураларды оңтайландыру, қағаз құжат айналымы көлемін қысқарту есебінен шекараларды кесіп өтуді жеделдету, жүктерді қадағалау бойынша қызметтерді ұсыну бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.


Осылайша, Кеден одағының сыртқы шекараларында кедендік рәсімдерді оңайлату және өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүргізуді жеделдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Қазіргі уақытта транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде алдын-ала ақпарат беру бөлігінде ақпараттық жүйелердің біріктірулуі жүргізілді, бұл шекаралық өткізу пункттерінде кедендік ресімдеудің жүргізілу жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.


«Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ) жобасы енгізілді. Бүгінгі күні онда шамамен 7000 қызметкер жұмыс істейді, 35 мыңнан астам сыртқы клиенттер тіркелген, 456 жүк станцияларында жұмыс автоматтандырылды. Айлық, сондай-ақ он күндік тасымалдауларды жоспарлау, соның ішінде жүктеме көлемін түзету ККЖ АБЖ-де бүкіл Қазақстан бойынша тек электронды түрде ғана іске асырылады. Бүкіл желіде барлық байланыс түрлері бойынша электронды тасымалдау құжаттарын рәсімдеу 100%-ға іске асырылды.


Пилоттық режимде Екібастұзда 2 - Малорефтинская (халықаралық бағыт) және Нұра-Топар (ел ішіндегі бағыт) бағыттары бойынша толығымен қағазсыз технологиялар бойынша тасымалдаулар ұйымдастырылады.


 «РТЖ» ААҚ-мен электронды ақпарат алмасуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. Жыл аяғына дейін Қытай, Әзербайжан және Қырғызстанмен электронды ақпарат алмасуды ұйымдастыру жоспарланып отыр, ал 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін Өзбекстан мен Түркменстан осы елдердің тізіміне қосылады.


Жүк тасымалы саласында клиенттерге вагондар мен контейнерлердің орналасқан жері туралы онлайн режимде ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүктерді онлайн қадағалау қызметі жүзеге асырылды.


2017 жылдан бастап, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдарында жүк жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін қосымша электронды құлыптар орнатылады. Бұл контейнерлерде тасымалданатын жүктерге рұқсатсыз кіру жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.


Біздің басым жобаларымыздың бірі - «Электрондық пойыз» жобасы. Оның мақсаты - электронды тасымалдау мен коммерциялық құжаттарды пайдаланумен халықаралық жүк тасымалдары құжат айналымының жұмысын оңтайландыру жолымен Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.


Тасымалдау процесінің бірыңғай технологиясын құру және ТМД-дағы халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру мақсатында, Әзірбайжанмен ХЖҚК жүк жөнелтілімдері көлемінде деректерді электронды түрде алмасуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.


Осының бәрі қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға жылжытуға, экспорттық жөнелтілімдерді жетілдіруге, мультимодальды сызбаларды дамытуға ықпал етеді. Нәтижесінде, қазақстандық экспорттың географиясы айтарлықтай кеңейді.


Көліктік-логистикалық саланы дамыту стратегиясын жүзеге асыру қызметтердің сапасын және халықаралық логистикалық рейтингте  (Logistics Performance Index - LPI) Қазақстанның позициясын 2014 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 17 позицияға дейін (88-тен 71 орынға) жақсартты. Бұл ТМД елдерінің арасында ең жақсы көрсеткіш болып табылады. Тасымалдауды ұйымдастыру процесстерін жетілдіру бәсекеге қабілетті бағалар бойынша халықаралық тасымалдауларды ұйымдастырудың қарапайымдылығы және жүкті қадағалау және бақылау мүмкіндігі көрсеткіштері бойынша позициялардың өсуіне әсер етті.

 

"Қазақстан темiржолшысы" газеті 6 қараша 2018 ж.

Поделиться:
Популярные новости
401 / 28.11.2023

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспары 90% орындалды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Павлодар локомотив пайдалану депосының ӨТБ, Екібастұз-...

889 / 13.11.2023

Достық станциясында экспорттық жүктерді беру бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды

           2023 жылғы 13 қарашада Достық шекаралық өткелі арқылы Алашаңқай станциясына (ҚХР) салмағы 3700 тонна қазақстандық жүктер құрамы беріл...

941 / 13.11.2023

Ауа-райының нашарлауына байланысты ҚХР-да жүктерді түсіру баяу жүріп жатыр

         Ағымдағы жылдың 13-18 қараша аралығында Алашаңқай шекаралық станцияда (ҚХР) жүктерді түсіру баяу жүргізілуде, осыған байланысты астық, ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер