«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
2018 жылдың 12 қарашасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Қанат Алпысбаев Ақмола облысының теміржол бөлімшелерінің басшыларымен өндірістік кездесу өткізді.
Кездесуде көлік қызметтерінің сапасын арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілді.
Бөлімше басшылары Ақмола жүк тасымалы бөлімінің эксплуатациялық жұмысының барысы туралы хабарлады.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бас директорының м.а. Қ.Саурбаев 2018 жылдың 10 айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштердің нәтижелері туралы хабарлады. Осылайша, тарифтік жүк айналым 182,2 млрд. тонна-км құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 8%-ға жоғары. Жүк тиеу 212 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,6%-ға артық.
Ақмола жол бөлімшесінде бойынша жүк айналымы 27 млрд. т-км құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,2% жоғары. 6 млн. тонна жүк жөнелтілді, бұл өткен жылғыдан 22,4% артық. Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік ағыны Карталы түйіскен станциясы арқылы қайта бағытталуына байланысты транзиттік тасымалдаулардың жалпы көлемі 7,6 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19% артық.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша басқарма Төрағасының орынбасары М.Шакенов Ақмола жол бөлімшесінің 2018 жылдың 10 айы ішіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің күйі туралы баяндады. Бұзушылықтардың саны 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23-тен 17-ға дейін қысқарды.
М.Шакеновтың айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, Ақмола жол бөлімшесіне технологиялық процестердің сақталуы, жол өлшеу вагондарымен анықталған ауытқуларды жою, жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қызметкерлерді өндірістен қол үйбез оқыту сапасын арттыру бойынша қатаң бақылау орнату қажет.
Қорытындылай келе, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Қ.Алпысбаев Ақмола облысы теміржолшыларының алдында пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, клиентке бағдарлануды, көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Ағымдағы жылдың Жолдауының негізгі бағыттарына назар аудара отырып, басшысы стратегиялық құжатта қойылған міндеттерді шешу бойынша Компания жұмысы туралы хабардар етті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қызметкерлердің әл-ауқаты мен табысын көтеру, бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады», - деді Қ.Алпысбаев және қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, жыл сайын жалақы деңгейін көтеру бойынша шаралар қабылданатынын, 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық келісімшартта тек әлеуметтік қолдау шараларын сақтау ғана емес, сонымен қатар арттыру да қарастырылғанын атап өтті. 2019 жылға арналған әлеуметтік жәрдемақылар бюджеті 9 млрд. теңгеге дейін арттырылды.
Компания басшысы бұл Жолдауда еліміздің көліктік-логистикалық секторын дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдау процесін жетілдіру, экспорттық жөнелтілімдер кезіндегі мультимодальды схемаларды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жалғастырлуда, бұл қазақстандық экспорттың географиясын айтарлықтай кеңейтеді. Шығыс-Батыс бағытындағы транзиттік контейнерлік пойыздардың өсімін қамтамасыз ету, 2020 жылға қарай транзиттік контейнерлік пойыздардың көлемін 2 млн. ДФЭ жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инновациялық және сервистік секторды дамыту бойынша тапсырмаларының шеңберінде 2018-2022 жылдарға арналған «Сандық темір жол» стратегиясы жүзеге асырылуда.
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...