Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1305 / 09.11.2018 10:12

Бақылау –техника ісі

Теміржол көлігін дамытуды сауатты талдау, есепке алу және бақылаусыз, ал «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның технологиялық реттеу және мониторинг департаментін осы жұмысқа 38 жылын арнаған Бағлан Мұқановасыз елестету мүмкін емес. Ол деректерді өңдеуді автоматтандыруға және жеңілдетуге елеулі үлес қосты, әріптестері үшін таптырмас көмекшіге айналған база құрды, мамандардың тұтас саңылақтарын үйретті.


20 жылдан астам уақыт бойы Бағлан Қабышқызы өз қоластындағылары үшін қайырымды және дана жетекші болып қала отырып, басшылық лауазымдарды атқарды. Жақында өз ісінің шеберін лайықты демалысқа шығарып салды, алайда әріптестері әлі күнге дейін кеңес сұрау үшін оған жүгінеді.


- Бағлан Қабышқызы - кез-келген жағдайда көмек қолын созуға дайын, жоғары білікті жауапты және техникалық сауатты маман. Оның эксплуатациялық көрсеткіштерге мониторинг жүргізу, өнімсіз шығындарды анықтау бойынша әзірлемелер және басқалары қол еңбегін едәуір қысқартты және біздің жұмысымызда күн сайын көмектеседі, - деп Нариман Батрачин пікірімен бөлісті. – Бірақ ең бастысы – ол үлгі алуға тұрарлық өте мейірімді және ашық адам. Саламызда және өмірде осындай адамдар көп болса екен.


Бағлан Мұканова Целиноград темір жолы статистикалық қызметінің аусым технигінен бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның технологиялық реттеу және мониторинг департаментінің эксплуатациялық жұмысына мониторинг жүргізу бойынша тобының бас менеджеріне дейінгі ұзақ жолдан өтті.


Ол отбасындағы алғашқы теміржолшы және осы салаға кездейсоқ келгенін айтты. Бала кезінен Сарыоба станциясынан өтетін пойыздарды күтіп-шығарып салып, жолсеріктердің киім үлгісіне тәнті болып қарайтын, бұл мамандық ол үшін қызықты және романтикалық болып көрінетін. алайда талдағыш ақыл-ой қабілетін оған «қаржыгер» мамандығын таңдауға түрткі етті. Диплом алғаннан кейін болашақ теміржолшы Арқалық қаласының облыстық қаржы басқармасында екі жыл қаржы инспекторы болып жұмыс істеді. Содан кейін ол Целиноградқа кетті.


- ОТЖ статистика қызметінен аусым технигіне бос орын туралы сұрастырып білді, бұл қызметке тек түнгі аусымдарды ұсынғандықтан, көп адам бара қоймайтын. Мен байқап көргім келді. Жұмыс өте көп болды, шыдамдылық, зейін қою талап етілді. Ол кездері автоматтандырылған статистикалық деректер, баспа машиналары болған жоқ, барлығын қолмен жазатынбыз. Түнгі үште Мәскеуге есеп беріп, ал таңертең жол басқармасының бастығы келгенде оған барлық қажетті деректерді ұсынатынбыз, - деп есіне алды Бағлан Қабышқызы.


Бірнеше жылдан кейін талантты қызметкерді статистика қызметінің аға экономисті лауазымына ауыстырды.


Бағлан Мұқанова сол кездің өзінде темір жол желісі оның өмірлік ісіне айналатынын сезді. Әсіресе салада жұмыс істейтін адамдар, қатаң реттілік пен тәртіп шабыттандыратын. Қол жеткізген жерінен тоқтауға үйренбеген ол, Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтының «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша оқуға түсті.


Оны аяқтағаннан кейін талдау бөлімінің бастығы болды. 1998 жылы Бағлан Қабышқызын Павлодар тасымалдау бөлімшесіне ауыстырды.


Астанаға қайта оралып, 2001 жылдан зейнеркерлікке шыққанға дейін басшылық қызметтерде: «Паркті басқару бойынша екінші мемлекеттік компания» ЖТД, тасымалдау, экономика, жоспарлау және реттеу департаменттерінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында - тасымалдау процесін моделдеу басқармасында және технологиялық реттеу басқармасында, сондай-ақ жүк тасымалдарын интеграциялық жоспарлау департаментінде және технологиялық реттеу және мониторинг департаментінде жұмыс істеуді жалғастырды.


- Біздің ұжымымызда кездейсоқ адамдар жоқ. Жаңа қызметкерлерге әрқашан жоғары талаптар мен жауапкершілік туралы айтатынмен. Күн сайын қызметтің негізгі көрсеткіштеріне, орындамау себептеріне мониторинг және бақылау жүргізіледі, аппараттық және селекторлық кеңестерге материалдар дайындалады. Сандармен жұмыс, мерзімдер шектеулі, барлық міндеттер бөлінген. Бізпульттегі диспечер ретінде, пойыз айдамасақ та, бірақ әрдайым шоғырланған және жинақымыз», - деді Бағлан Қабышқызы.


Ол автоматтандырылған жүйелердің пайда болуымен жұмыс істеудің жеңілдегенін мойындады. Бас есептеу орталығымен бірлесе отырып, ол компанияның ағымдағы жүйесіне енгізілген және пайдаланылатын есептіліктердің әртүрлі нысандарының автоматтандырылған нұсқаларын әзірледі. Әдістемені тіркеп жазды.


- Қолмен бәрін есептеу өте күрделі болды, және талаптар да өзгерді: егер біз бұрынғыдай осы анықтамалармен түнімен отырсақ, ешнәрсеге үлгермес едік. Қазір корпоративтік ақпараттық порталдан қажетті деректерді оңай алуға болады, - дейді теміржолшы.


Бағлан Мұқанованың жұмыс үстелінде әрдайым техникалық әдебиет көп болды. Ол далалық өзгерістерді ұстанып, өзінің білімін тек Қазақстан мен Ресейдің біліктілігін жоғарылату курстарында ғана емес, сонымен қатар өз бетінше толтырды. Бағлан Қабышқызы өз тәжірибесін жас әріптестерімен бөліседі. Өнімділік индикаторларын талдау және техникалық рационалдау бойынша оқыту семинарларын өткізеді, тексереді.


Ол саладағы өзгерістер туралы әрдайым хабардар болды және білімін Қазақтан және Ресейдің біліктілікті арттыру курстарында ғана емес, өз бетінше де толықтырды. Бағлан Қабышқызы жас әріптестерімен өз тәжірибиесімен қуана бөліседі. Эксплуатациялық көрсеткіштерді талдау және техникалық реттеу бойынша оқыту семинарларын,тексерістер өткізеді.


- 2 қарашада Алматыдан келдім, онда біз локомотив шаруашылығына тексеріс жүргіздік, мен әріптестерімен қандай құжаттарды қарау, неге назар аудару қажет және басқаларын көрсеттім – деп атап өтті.


Адал еңбек еткен жылдары Бағлан Муканова «Үздік маман» белгісімен марапатталды, «Қазақ теміржолына 50 жыл» медалімен, көптеген құрмет грамоталарымен, соның ішінде компания президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.


- Жұмысым туралы тек жылы естеліктер, Қазақстанда көп араладым, қаншама тек жақсы адамдарды кездестірдім. Темріжолшылар мен үшін екінші отбасыма айналды, - деп бөлісті Бағлан Қабышқызы.


Енді зейнеткерлікке шығып, ол көп уақытын жақын адамдарымен өткізеді. Жалғыз ұлы Дәуреннің «әскеридің ұлы» сияқты өскенін, бірақ анасының нормаланбаған кестесі және жауапты жұмысына әрқашан түсіністікпен қарағанын мойындады. Қазір ол барлық назарын өзінің кішкентай немересіне бөледі.


- Тағдыр мені теміржолға алып келгеніне, жаныма жақын істі таба алғаныма және саланың дамуына аз да болса үлесімді қоса білгеніме өте қуаныштымын, - деп қорытындылады Бағлан Қабышқызы.

img-20181106-wa0006_done.jpg

img-20181106-wa0003_done.jpg

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

118 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер