Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Орал ЖТ бөлімшесінде Орал көлік прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Орал станциясындағы ЛОВД штаб-пәтерінің өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлықпен күресудегі алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге желілік станциялардың басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлық заңды принциптердің беделін түсіріп, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына ықпал еткенін атап өтті.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қоғамның, жаппай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықпен табысты күресуге тек мемлекет қана емес, қоғам, әрбір азамат жеке жауапты. Тек мемлекет пен қоғамның бірлігі мен өзара сенімі ғана сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді , - деп атап өтті Орал ЖТ бөлімшесінің бас инженері Чингиз Мурзагалиев.
Кездесудің қорытындысы бойынша желілік станциялардың басшыларына жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін қатаң сақтап, сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысанына «нөлдік төзмділік» принципін ұстану ұсынылды.
Бұдан басқа, Орал бөлімшесінің барлық құрылымдарында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша қызметкерлермен техникалық сабақтар жүргізіледі.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...