Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Түркістан қаласының №10 орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары эксплуатациялық локомотив депосында болды. Оларға экскурсияны эксплуатация бойынша депо бастығының орынбасары Мыңғали Аблаев жүргізді.
Іс-шара «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ өткізетін теміржолдағы жарақаттанудың алдын-алу жөніндегі республикалық акция аясында өткізілді.
Бастапқыда балаларға депо жұмысының технология туралы айтып берді, өңірдің теміржол тарихы туралы нақты баяндайтын сирек құжаттар сақталатын депо мұражайының экспонаттарымен таныстырды.
Сосын оқушылар 2TЭ10M сериялы тепловоз бен Л-3992 сериясындағы паравоз кабиналарында болды, онда олар өздерін машинист рөлінде сезінді. Аталмыш техника депо аумағында орнатылған. Балалар локомотив бригадаларының рейс алдындағы дайындығы және локомотивтерге техникалық қызмет көрсету қалай жүргізілетінін көрді.
Тәжірибелі машинистер теміржолдағы мінез-құлық тәртібі туралы әңгімелеп берді және пойыз қозғалысы аймағындағы жауапсыз мінез-құлықтың қауіп-қатерінің қандай екендігін мысалмен түсіндірді, сондай-ақ қауіпсіздік ережелері бойынша жаднама табыстады.
Мұндай алдын-алу іс-шаралары жақсы дәстүрге айналды, олардың басты мақсаты пойыз қозғалысы аймағындағы жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға жол бермеу болып табылады.
- Экскурсияның басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби бағдарлануы, теміржолдағы мінез-құлық нормаларын түсіндіру, жолдардағы балалар жарақаттарының алдын алу. Мұндай кәсіби бағдарланған және профилактикалық іс-шаралар болашақта өткізілетін болады, - деді М. Аблаев.
Экскурсиядан балалар шабыттанып қайтты. 10-сынып оқушысы Алихан Есболған болашағын темір жолмен байланыстыруға шешім қабылдады.
- Бүгін бізге машинист мамандығы туралы айтты. - Біздің аталарымызға паровоздарды басқару қиын болған, енді олардың орнына заманауи локомотивтер келді – деді ол.
Теміржолшылар темір жолдар, инфрақұрылымдар қауіптілігі жоғары объектілер болып табылатынын еске салады. Бұл балалар ойнайтын орын емес. Ата-аналар балаларға темiр жолда жүру ережелерiн түсiндiруге ерекше назар аударуы керек.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...