Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2018 жылдың соңына дейін теміржолшылар 106,5 млн. тоннадан астам көмір тасымалдайды
1562 / 10.08.2018 18:28

2018 жылдың соңына дейін теміржолшылар 106,5 млн. тоннадан астам көмір тасымалдайды

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ірі көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен жылу маусымының аяғына дейін көмірді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Ағымдағы жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 56 млн. тоннадан астам көмір, оның ішінде коммунадық-тұрмыстық қажеттіліктерге - 4,5 млн. тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% -ға артық.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас директоры орынбасарының м.а. Мұхтар Жамбылов хабарлағандай, жыл соңына дейін 106,5 млн. тонна көмір тасымалданады, оның ішінде тұтынушыларға - 71,9 млн. тонна, экспортқа - 34,6 млн. тонна жүк тасымалданады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3,5% -ға жоғары.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдары, көмір бассейндері мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде көшпелі кездесулер өткізіледі. Кездесуде көмірді жеткізу жоспарлары мен кестелерін біркелкі бөлу, сатып алуды 4-ші тоқсаннан 2-ші және 3-ші тоқсандарға қайта бөлу мәселелеріне баса назар аударылады.

«Өткен жылы осындай тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдеді және жылу электр кәсіпорындарында нормативті қорларды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының м.а. Қайрат Саурбаев.

Сондай-ақ, Қ.Саурбаев, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен көмір жеткізуді күзгі кезеңнен жаз айларына қайта бөлу және ЖЭС және ГРЭС-терге қатты тұрмыстық отынның айлық нормативтік қорын ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілгендігін хабарлады.

Кездесу барысында тұтынушыларға тұрақты көмірді жеткізу және жылжымалы құрамның жетіспеушілігін болдырмау үшін жүк операциялары кезінде кірме жолдарда вагондардың бос тұрып қалуын қысқарту, уақытылы түсіру және көршілес мемлекеттердің аумағынан вагондарды қайтару мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Осылайша, ағымдағы жылдың жеті айы ішінде көмір өндіруші кәсіпорындардың кірме жолдарында вагон айналымының 11,7 сағат нормасында, іс жүзіндегі жұмыс 24,2 сағатты құрады. Осылайша, жыл басынан бері айналым мөлшерлемесінің артуы жылжымалы құрамның 70 мыңнан астам бірлігіне тиеу ресурстарын жоғалтуға әкелді.

«Ұлттық жүк тасымалдаушы көліктік қызмет көрсету сапасын арттырумен байланысты мәселелерді талқылауға және жылдам шешуге ашық», - деді Қ.Саурбаев.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер