Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылды
1323 / 14.08.2018 12:51

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылды

Үкіметте осы жылдың 14 тамызында жылыту маусымы басталғанға дейін көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша брифинг өтті. Брифингке «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының м.а. Қайрат Сәуірбаев қатысты.

Қ. Сәуірбаевтың мәлімдеуінше, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, қозғалысы жағынан да, бастапқы және соңғы операциялары жөнінен де вагондар айналымын орындау, жүк жөнелтушілер өтінімдеріне сай қызметпен қамтамасыз ету бойынша тәуліктік бақылау қойылды. Сонымен қатар ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына тәуліктік мониторинг жүргізілуде.

Барлық облыстық әкімдіктерде тиелім көлемін 3-4 тоқсаннан 2 тоқсанға бөлу бойынша көмір өндірушілердің қатысуымен отырыстар өткізілді. Әр айға тасымал көлемін теңдей бөлу және тиімді жоспарлау алдағы жылыту маусымында қатты отынға қатысты дүрлігуді болдырмауға мүмкіндік береді.

Көмір өндірушілерге «KTZ-Express» АҚ-ның қолданысындағы вагондар паркі бекітілген. Осылайша, «Шұбаркөл көмірге» 3000 ашық вагон бекітілген болса, Қаражырадан-2300, «Богатырь көмір» кен орнынан тасымалдауға 2000-нан аса ашық вагон жұмылдырылған.

2018 жылы 106,5 млн.тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін 71,9 млн тонна, болжам жасалған көлем 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға артық.

Осы жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 56 млн.тоннадан астам көмір тиелген. Соның ішінде республика ішінде 34,4 млн.тоннадан көп тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,6%-ға артық. Қазақстандық тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 4,5 млн тонна көмір тасымалданып, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға жоғары болды.

Өткен 3 ай(мамыр-шілде) және тамыздың 12 күні ішінде 17,7 млн тонна көмір тиелген, бұл өткен жылғы жылыту маусымының көрсеткішінен 5%-ға артық. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір былтырғы жылыту маусымының сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 35%-ға көп тиелген.

«Ұлттық тасымалдаушыда елдің ішкі қажеттілігін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызды жүкті жеткізу үшін қажет жылжымалы құрам саны толық жеткілікті», - деп атап өтті Қ. Сәуірбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 54 мыңнан астам ашық вагондар жұмылдырылған, оның ішінде көмір тасымалы үшін 29 мың ашық вагон бар, бұл сұрау салынған көлем бойынша қызметті қамтамасыз етуге толығымен жетеді.

Белгіленген станциялардағы көмірді сату бағасында жеке вагон иелері мөлшерлемелерін есепке алмағанда көліктік құрамдас бөлік орташа алғанда 7%-ды құрады.

Жылыту маусымы қарсаңында көмір сату нарығында бөлшек бағаның өсімі қолдан жасалғаны байқалғанын айта кету керек. Бірінші кезекте бұл өндірушілер мен көмір өнімін тұтынушылар арасында делдал компаниялардың(дилер) болуымен байланысты.

Сонымен бірге бір тонна шұбаркөлдік көмірді KTZ-Express-қа қарасты вагондарда тасымалдаудың көліктік құрамдас бөлігінің бағасы өткен жылға қарағанда әр тоннасына 82 теңгеге өсіп, бір тоннасының құны 1720 теңгені құрады( 2017 жылы бір тоннасы 1638 теңге болған).

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі 

Поделиться:
Популярные новости
23 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

214 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

131 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер