Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар жыл аяғына дейін 106,5 млн. тонна көмір тасымалдамақ
1212 / 10.08.2018 18:33

Теміржолшылар жыл аяғына дейін 106,5 млн. тонна көмір тасымалдамақ

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ірі көмір кендері өкілдерінің қатысуымен жылу беру маусымында көмірді тоқтаусыз тасымалдау туралы кеңес өткізілді. Онда биылғы жеті айда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 56 миллион тонна жүк тиелді. Оның 4,5 миллион тоннасы коммунальдық –тұрмыстық мақсатқа бағытталған. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары көрсеткіш.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Мұқтар Жамбыловтың хабарлауынша, жыл аяғына дейін 106,5 миллион тонна көмір тасымалданбақ. Оның 71,9 миллион тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары көрсеткіш.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамашылығымен осындай кеңестер өңірлерде жергілікті атқарушы органдар, көмір кендері және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен тұрақты негізде өткізіліп келеді. Ол кездесулерде көмір жеткізу кестесі мен жоспарын 4-ші тоқсаннан біркелкі етіп 2-3-ші тоқсанға бөлу көзделеді.

«Өткен жылы осындай ұйымдастыру жұмыстары жылу беру кәсіпорындарындағы нормативтік қорды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік әперді»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Қайрат Сәуірбаев.

Қ. Сәуірбаевтың хабарлауынша, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының әкімдіктерінде күзгі маусымда жеткізілетін көмір жазғы маусымға қайта бөлініп, тамыз айының аяғына дейін Жылу орталықтарының нормативтік қорын сақтаудың жолы қарастырылды.

Кеңесте тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз ету және оларға тиесілі жылжымалы құрам тапшылығын жою, вагондардың кіре беріс жолдарда тұрып қалуын болдырмау, көршілес мемлекеттерден келген вагондардың дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету туралы мәселелер қаралды.

Биылғы жеті айда көмір кендерінің кіре берістерінде вагон айналымының орташа нормасы 11,7 сағат болса, іс жүзінде 24,2 сағатқа созылды. Осылайша, жыл басынан бері вагон айналымы нормасы орындалмауы салдарынан 70 мыңнан астам вагон жүк тиеу ресурсы жоғалғандығы айтылды.

«Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын көтеру үшін барлық өзекті жайларды жедел түрде ашық талқылауға мүдделі»,-дейді Қ. Сәуірбаев.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
19 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

346 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

50 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер