Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қарағанды ЖТ бөлімінің ғимаратында құрметті теміржолшыға мемориалдық тақта орнатылды
1958 / 06.08.2018 18:10

Қарағанды ЖТ бөлімінің ғимаратында құрметті теміржолшыға мемориалдық тақта орнатылды

Көлік қызметкерлері күніне орай Қарағанды ЖТ бөлімінің ғимаратында көрнекті адам, құрметті теміржолшы, өз ісінің кәсіпқойы Сергей Тарасовичтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды.

Іс-шараға Қарағанды-Сортировочная станциясында орналасқан теміржол ұйымдарының, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, теміржол көлігінің ардагерлері қатысты. Мемориалдық тақтаны ашу құқығы ардагер - теміржолшылар Виктор Погонин мен Дулат Серіковке берілді.

- Біз мұнда өз ісінің патриоты, айрықша және еңбекқор адамды еске алуға жиналдық. Оның Қарағанды облысының теміржол магистралін дамытуға қосқан үлесі баға жетпес. Оның өмір жолы бәрімізге үлгі, - деді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ – «Қарағанды ЖТ бөлімі» филиалының директоры Марат Ибраев.

Басқарма төрағасының м.а. - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Бас директорының кеңесшісі Қадыл Таласпеков Сергей Тарасовичпен жеке таныған және жұмыс істеген.

- Бүгін біз теміржол саласын дамытуға үлкен үлес қосқан адамды құрметпен еске аламыз. Сергей Тарасович - өз саласының нағыз маманы, таңдаған ісін шексіз сүйетін, қолынан іс келетін және талантты тұлға, - деді ол.

Сергей Ким 1942 жылы туылған. Еңбек жолын 1962 жылы бастады. Большая Михайловка станциясының кезекшісі, пойыз диспетчері, бөлім бойынша кезекші, аға пойыз диспетчері, Жаңаауыл станциясының бастығы болып жұмыс істеді. 1997 жылы тасымалдау қызметінің бастығы лауазымын атқарды. Эксплуатациялық жұмыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қарағанды жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы құрметті демалысқа шықты.

2009 жылдың 16 маусымында Сергей Тарасович өмірден озды.

 

Поделиться:
Популярные новости
4 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

109 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

77 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер