Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...
2018 жылдың 17 шілдесінде «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ және «Узбекистонтемирйуллари» АҚ компаниялар тобының сарапшыларының бірлескен сапары аясында Өзбекстан мен Ауғанстанның терминалдық- қоймалық инфрақұрылымы мен шекаралық станцияларына бағалау жүргізілді.
Сарапшылар тобының мүшелері Термез қаласында, Габаба (Өзбекстан) станциясы мен Хайратон (Ауғанстан) қаласында болып қайтты.
Көшпелі іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қазақстан астық өңдеушілер одағы» ЗТБ мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Сарапшылар тобы Хайратон қаласының әкімі Абдурауф Амиримен, сондай-ақ Ауғанстанның ірі жүк алушыларымен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық жүктерді жеткізуді ұйымдастыру мәселелері, Ауғанстаннан экспорттық жеткізілімдерді дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекеттік құрылымдардың, теміржол және логистикалық ұйымдардың, Ауғанстанның іскер топтарының өкілдері серіктестік қарым-қатынастар орнатуға және өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...