Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
Локомотив жүргізушілері - теміржол көлігінің элитасы болып табылады. Олардың жұмысына жоғары талаптар қойылады. Машинист болу үшін күшті денсаулық пен тұрақты психикаға ие болу керек. Пойыз машинисті орындығына кәсіби жол машинисттің көмекшісі болудан басталады.
- Жолаушылар қозғалысының бірінші санатты машинисті болу үшін, мамандығыңызда кем дегенде 10 жыл жұмыс істеп, біліктіліктің ең жоғары деңгейіне жету керек, - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның бас инженеріас директоры орынбасарының м.а. Иван Костыря.
Локомотив бригадаларын оқыту - тұрақты, міндетті және үздіксіз үрдіс болып табылады. Локомотив машинисті көмекшісінің арнайы кәсіби немесе кәсіптік – техникалық білімі болуы керек. Ол тәжірибе жинақтау үшін бірнеше жыл бойы темір жолда жұмыс істеуі керек. Осыдан кейін ол Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қалаларындағы теміржол көлігі жұмысшыларына арналған оқу орталықтарындағы машинисттерді даярлау курстарына жіберілуі мүмкін. Жыл сайын 500-ге жуық маман локомотивтерді басқаруға құқық алады. 2018 жылы 318 машинист көмекші дайындықтан өтеді.
Оқыту курстарында теориялық мен экплуатациялық локомотив депосындағы практикалық сабақтар өткізіледі. Теориялық сабақтар барысында локомотивтердің конструкциясы, автотежегіш жабдық, Қазақстан Республикасы темір жолдарының техникалық пайдалану ережелері, Қазақстан Республикасытемір жолдарындағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмысы туралы нұсқаулық, Қазақстан Республикасының теміржолында сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, еңбекті қорғау, экология, электр қауіпсіздігі мәселелері және басқалар оқытылады. Сондай-ақ, пойызды басқару кезінде туындауы мүмкін түрлі стандартты емес жағдайлар талданады, соның ішінде штаттан тыс жағдайлар қарастырылады.
Пойыз жүргізу тәжірибесін жинаған машинист өз санатын 3-тен 1-ге дейінгі (жоғарғы) көтере алады. 2018 жылы 318 жүргізуші, 60 – нұсқаушы-жүргізуші біліктілігін арттырудан өтеді. 100-ге жуық машинист ТЭ33А, КZ8А сериялы заманауи локомотивтерді басқару курстарында білімдерін арттырады.
Жұмысқа кіріспес бұрын, машинисттер мен олардың көмекшілері депоның тұрақты психологы өткізетін әмбебап психодиагностикалық кешенде психофизиологиялық тексеруден өтеді. Психологтың ұсынысын ескере отырып, инженер-нұсқаушы локомотив бригадасының құрамын құрайды. Бригадаларды құру жылына екі рет жүргізіледі.
- Темір жолда жұмыс істейтін адамдар адал адамдар екенін сенімділікпен айта аламын. Машинисттер мен көмекшілері арасында кездейсоқ адамдар жоқ. Олар жауапкершілікті сезінеді, ал қажет болған жағдайда оны өздеріне алады. Біздің алдыңғы буын қалаған негіз бен дәстүрлер сақталып, көбеюде, - деп қорытындылады И.Костыря.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...