Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алтынкөл станциясында «Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі» тренингі өтті
1970 / 26.06.2018 11:55

Алтынкөл станциясында «Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі» тренингі өтті

«Станция бастығының жылын» өткізу аясында Алматы темір жол бөлімшесінің ең жас және болашағы бар станцияларының бірі Алтынкөлде «Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі» тренингі өтті.

Іс-шараға теміржолшылардың бес командасы қатысты, оның ішінде Құндызды және Тасқарасу станциялары. Қызметкерлер викториналық сұрақтарға жауап беріп, кроссворды шешіп және қазылар алқасына үй жұмысын ұсына отырып, қауіпсіздік саласындағы кәсіби дайындықтары мен білімдерін көрсете алды.

Алтынкөл станциясының бастығы Жандос Унтабаев, іскерлік ойын форматында өткен тренинг, ең алдымен, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, поезд қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, апатсыз жұмыс жасауға және қызметкерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

- Темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бұл біздің басым тапсырмамыз болып табылады. Тоқсан сайын біз қызметкерлер үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, ал техникалық жаттығуларды өткізу кезінде іскерлік ойындар әдісін қолданамыз. Тасымалдау көлемінің қарқынды өсуі, жаңа технологияларды енгізу және заманауи технологияларды пайдалану жағдайында әрбір теміржолшының білімдерін арттыру қажет», - деді Ж.Унтакбаев.

Байқаудың нәтижесі бойынша Алтынкөл станциясының командасы жеңіске жетті, е, үшінші орынды Тасқарасу станциясының командасы иеленді.

Барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен және жүлделермен марапатталды.

Поделиться:
Популярные новости
20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер