«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Украина темір жолының өкілдері “ҚТЖ” ҰК” АҚ нысандарында болып қайтты
Жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздарын өндіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қазақстандық теміржолшылардың перспективалы тәжірибесі «Украина темір жолы» ЖАҚ локомотив шаруашылығы директорының бірінші орынбасары Игорь Режыло бастаған украина теміржолшыларының делегациясына көрсетілді.
Украина теміржол әкімшілігінің өкілдері Астанаға екі күндік жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралады. Қазақстандық «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорындарында делегация зауыттардың өндірістік қуаттылықтарымен танысты. Қазақстандық әріптестер қонақтар үшін өндіріс цехтері бойынша шолу экскурсиясын және ТE33A және TЭПЗ3A сериялы жүк және жолаушылар тепловоздарының, сондай-ақ KZ8A және KZ4A жүк және жолаушылар электровоздарының толық техникалық презентациясын дайындады.
Теxникаға сервистік және кепілдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оны пайдалануға үлкен назар аударылды. Бұл туралы украина теміржолшыларына Астана қаласының эксплуатациялық локомотив депосында айтылды. Олар «ҚТЖ» ҰК »АҚ-ның «Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығы» филиалында әр түрлі мамандықтардың білікті теміржолшылар кадрларын оқыту және даярлау қалай жүретіндігі туралы білді.
- «General Electric Company» компаниясымен Негіздемелік келісімнің бастапқы кезеңін жүзеге асыру бойынша «Украина темір жолдары» ЖАҚ 2018 жылдың соңына қарай ТЭ33АС сериялы тепловоздар партиясын алуды жоспарлап отыр.
GE компанияның дизельді локомотивтері құрылыстарын меңгеру және енгізудің қазақстандық тәжірибесін ескере отырып, украиналық әріптестерімізге біздің жетістіктерімізбен, жұмыс істеу принциптерімізбен танысу, локомотив паркі туралы ақпаратты алу қызықты және пайдалы болды», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі Вице-президенті Марат Шакенов.
Ол сондай-ақ, қазақстандық тарап әрдайым тәжірибе алмасу үшін ашық және әріптес елдердің теміржол әкімшіліктерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мақсатты екендігін атап өтті.
П«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...