Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жазғы уақыттағы жұмысқа локомотивтерді даярлаудың жоғары сапасы үшін бірқатар деполар марапатталды
1812 / 20.06.2018 17:13

Жазғы уақыттағы жұмысқа локомотивтерді даярлаудың жоғары сапасы үшін бірқатар деполар марапатталды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексеруі аяқталды. Іс-шара локомотив паркінің өрт, техникалық және мәдени жағдайын жақсарту және жаз мезгілінде оның орнықты жұмыс істеуі үшін арналған. 854,5 бірлік тепловоз және 468 бірлік электровоз тексерістен өтті. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бойынша орташа баға 4,3 баллды құрады.

Қол жеткізілген көрсеткіштер мен локомотивтерді жазғы жағдайлардағы жұмысқа дайындаудың жоғары сапасы үшін жүлделі орындар берілді.

Осылайша, «Бірінші топтағы локомотив деполары: (тепловоздар/электровоздар)» номинациясы бойынша бірінші орынға - Қызылорда, екінші орынға - Маңғыстау, үшінші орынға – Защитинское депосы ие болды.

Екінші топтың эксплуатациялық локомотив деполары (электровоздар/локомотивтер) арасындағы көшбасшылар келесі деполар болды: Қарағанды (бірінші орын), Шу (екінші), Жаңа-Есіл (үшінші).

Үшінші топтың локомотивтік деполары арасында жазға келесі деполардың тепловоздары ең үздік дайындалған: Аягөз (бірінші орын), Түркістан (екінші) және Балқаш (үшінші).

Поделиться:
Популярные новости
13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

15 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

63 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер