Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станц...
Денсаулық сақтау лагерлеріндегі әсерлі демалыс еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналған «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің балалары үшін жазғы демалыстардың тамаша басталуы болды.
Биылғы жылы Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қалаларының балалары балалар лагерьлеріне алғашқы болып жеңілдетілген жолдама алды. Теміржолшылардың 130 баласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан «Болашақ» және «Үшбұлақ» лагерьлерінде жайлы уақыт өткізуде. Бірінші маусымға барлығы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Алтай өлкелерінің лагерлеріне «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің 720 балалары жіберіледі.
Дәстүр бойынша маусым айында басталған бірінші маусым түрлі іс-шараларға бай: байқаулар, спорттық жарыстар мен сайыстар, дискотекалар және концерттер. Ұлдар мен қыздардың бос уақыты минутына дейін жоспарланған, мұнда әрқайсысы қызығушылықтары бойынша үйірмелерге қатыса алады, жаңа нәрсені үйренеді және әрине, жаңа достар табады.
- «Балалар лагерінде маған өте ұнайды, - дейді Айнұр Тұрсынбек, оның әкесі электровоз машинисі Қанат Байымбетов Жамбыл ТЧЭ-31-де еңбек етеді. - Бұл жерде өте жақсы, біз әрқашан қызықты уақыт өткіземіз, бір-бірімізбен араласамыз, мен осында келгеніме өте қуаныштымын.
Көптеген балалар үшін бұл бірінші сапарлары, сондықтан барлығы, тіпті автобуспенсаяхат та, олар үшін кішігірім оқиға болды.
- Біз қызметкерлеріміздің балаларының барынша жайлы демалуын қамтамасыз етуге тырыстық. Бұл үшін бәрі бүге-шігесіне дейін қарастырылған. Ең алдымен бұл қауіпсіздік, дәмді және толыққанды тамақтану, бос уақытты қызықты өткізуге қатысты - дейді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның HR жөніндегі атқарушы директоры Шолпан Әбілбекова.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ барлық қызметкерлерінің балалары еліміздің үздік жазғы лагерінде күш жинап және денсаулықтарын түзете алады. Бұл жақсы дәстүрге айналды, оның әлеуметтік маңызы жыл сайын өзектілігін жоғалтпайды.
Биылғы жылы балалар сауықтыру лагерінде жұмыс берушінің есебінен 3 000 астам бала демалады.
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...
2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...
Астана қаласында триатлонның әуесқойлары мен кәсіпқойларын бүкіл ел бойынша жинаған ауқымды Astana Triathlon Half сайысы өтті. Қатысушылар арасы...