Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алтынкөл станциясының теміржолшылары Астананың 20 жылдығына футбол турнирін ұйымдастырды
1870 / 08.06.2018 12:43

Алтынкөл станциясының теміржолшылары Астананың 20 жылдығына футбол турнирін ұйымдастырды

Астананың 20 жылдығына футбол турнирін Нұркент ауылындағы Алтынкөл станциясының теміржолшылары ұйымдастырды. Мини-футболға арналған жаңа алаңда достық мачтарында 15 команда кездесіп, олардың әрқайсысы символдық кубок үшін күрес алдында, өз іріктеу тобында алдын-ала матчтар ойнады.

Турнирге Алтынкөл станциясы, «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС, №2088 әскери бөлімі, «Алтынкөл» кеден бекеті, кедендік брокерлік компаниялар, «Алтынкөл» станциясының ақпараттық жүйе желісі, «ВЖДО» АҚ атқыштар командасы, Нұркент ауылының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметкерлері қатысты.

- Астананың 20 жылдығына арналған достық турнир өткізу идеясын біздің әріптестеріміз бен Нұркент кентінің тұрғындары жігерлі қолдады. Дене шынықтыру, салауатты өмір салтын қолдау, әртүрлі спорт жарыстарын насихаттауға біз үлкен көңіл бөлеміз, - дейді Алтынкөл станциясының бастығы Жандос Ұнтақбаев.

Сондай-ақ, ол 2018 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да «Теміржол станциясы бастығының жылы» деп жарияланғанын және Алтынкөл станциясында осы бастаманы іске асыру шеңберінде жыл ішінде түрлі кездесулер, семинарлар, байқаулар, мәдени-бұқаралық және спорттық шаралардың өткізілуін қосатын іс-шаралар жоспары әзірленді.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС футбол командасы иеленді. Күмісті лайықты түрде №2088 әскери бөлімінің командасы алды, ал Алтынкөл станциясының теміржолшылар командасы қола жүлдені жеңіп алды.

Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен символдық кубокпен марапатталды.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі


Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

7 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер