Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты ...
2018 жылдың екінші жартысында көмір тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, Семей, Павлодар, Қарағанды темір жолдары бөлімшелері, ірі көмір разрездері мен жүк жөнелтушілерінің басшылары талқылады.
«2018 жылы 106,5 млн. тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, оның ішінде ел ішінде 71,9 млн. тонна. Жоспарланған көлем 2017 жылғы тасымалдау көлемінен 3,5% -ға жоғары», - деді «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет бойынша вице-президенті Марат Шакенов.
«Көмірді жөнелту туралы өтінімдерді біркелкі берген жағдайда, біз маусым айынан бастап коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге отын жеткізуді 1 қазанға дейін қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті М.Шакенов.
Ол сондай-ақ, «уақытылы берілген өтінім алдағы жылыту маусымында коммуналды-тұрмыстық секторға және тұрғындарға көмір жеткізумен байланысты дүрбелеңнен құтылуға мүмкіндік береді» деп түсіндірді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк жұмыстары жөніндегі атқарушы директоры Айдар Исаков жүк жөнелтушілердің назарын жыл соңына дейін тұтынушыларға көмірдің болжалды тиелуінің болжамдары мен жоспарлары бойынша ай сайынғы ақпарат ұсыну қажеттілігіне аудартты.
«Тек осындау тәсілмен ғана біз көмір тасымалдаудың ырғағы мен уақтылығын қамтамасыз етеміз және оның жұмысын нақты жоспарлай алатын боламыз. Орташа айлық жөнелтілім 8,7 млн. тонна көмірді құрауы тиіс », - деді А. Исаков.
Теміржолшылар жүк жөнелтушілердің жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануы, жүктеу немесе түсіру кезінде вагондардың бос уақытын алып тастау коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктерге, оның ішінде жылу электр станцияларына көмірді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар стратегиялық жүкті жеткізудің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, кейбір ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарына байланысты қатты отынды жеткізу бойынша жоспарлар қайта қаралуда. Көмір жеткізілімдерінің бұзылуы жүк жөнелтушылердің өздерінің жеке вагон паркі жоқ көліктік компаниялармен келісім-шарт жасасуына байланысты болуы мүмкін.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...