Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желілеріндегі жүк тиеу көлемі 101, 9 млн. тоннаға жеткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,1 % жоғары көрсеткіш.
Мамыр айындағы тәуліктік орташа тиеу жоспардағыдан 5,7%, өсті. Ол 2017 жылмен салыстырғанда 7,2% жоғары.
Жыл басынан бері астық тиеу көлемі 4,9 млн. тоннаға жеткізілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 49% жоғары көрсеткіш. Оның ішінде экспортқа – 3,7 млн. тонна шығарылды. Ол 2017 жылмен 79% жоғары.
Қаңтар мамыр айларында ұн және ұн өнімдерінің 1,4 млн. тоннасы тиелсе, ол өткен жылмен салыстырғанда 18% жоғары. Оның ішінде бір миллион тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21% жоғары.
Экспорттық жүк тасымалы 32,8 миллион тоннаға жеткізілді. Әсіресе, шекаралық теміржол өткелдерінде тасымал көлемі Қытай (52%), Өзбекстан (35%), Түркменстан (2,2 есе) артқан. Ақтау теңіз порты арқылы жүк жөнелту 38% өсті.
Биылғы жыл басынан бері импорттық тасымал көлемі 6,8 млн. тоннаға жеткізілді. Бес айда өткен жылмен салыстырғанда 14 мың тоннаға артқан. Оның ішінде шекаралық теміржол өткелдерінде Қытай
16%, Өзбекстан - 11%, Қырғызстан- екі есеге, Болашақ теміржол өткелі арқылы -18% өсті. Жыл басынан бері 1457 контейнерлік пойыз Қазақстан аумағымен өтті. Оның ішінде Қытай-Еуропа бағдары 1,3 есеге өсті. Кері бағытта Еуропадан Қытайға қарай 1,5 есеге өсті. Негізгі транзиттік тасымал Ченду – Достык – Лодзь бағдарына өсті.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметі
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...