Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станц...
Жазғы демалыстар қарсаңында Орал қаласындағы бірнеше мектептерінде, сондай-ақ Семиглавый Мар, Тасқала, Деткул, Переметное, Белес, Орал-Товарная, Желаево, Пойма, Жайық, Алғабас, Қазақстан, Амангелді және Чингирлау станцияларындағы ауылдық мектептеріңде «Темір жол - қауіпті аймақ» тақырыбында дәрістер оқылды.
Балаларға теміржолдағы мінез-құлық ережелері туралы жол полициясы мен көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірге ЖТ-ның Орал бөлімшесінің өкілдері, станция мен өткелдің басшылары айтып берді.
Әңгімелесу барысында теміржолдағы қауіпті жүріс-тұрыстың әр түрлі жағдайларын және оның қандай қайғылы салдары болуы мүмкін екендігін көрсететін бейнероликтер мен тақырыптық мультфильмдер көрсетілді.
- Біз мұндай кездесулерді оқу орындарында үнемі өткіземіз. Біздің алдымызда теміржолдағы жарақаттар санын азайту тапсырмасы тұр, - деді ЖТ Орал бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшысы Қайрат Қаутанов.
Дәріс соңында №45 орта мектептің алтыншы сынып оқушылары Айдос Аққали мен Жанель Талап өз әсерлерімен бөлісті.
- Бізге теміржолға жақын жерде ойнуға болмайтынын сөзсіз түсіндіретін мультфильмдер өте ұнады. Жолдарды тек арнайы төсемелермен бағдаршамның рұқсат етілген түсіне және көпірлермен өту, пойыздың ескерту сигналын естімей қалмау үшін өту кезінде құлаққапты алу керек екендігі, платформада жолдарға тым жақын тұруға болмайтыны және тағы басқалары аталып кетті, - деп балалар ой қорытты.
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...
2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...
Астана қаласында триатлонның әуесқойлары мен кәсіпқойларын бүкіл ел бойынша жинаған ауқымды Astana Triathlon Half сайысы өтті. Қатысушылар арасы...