Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Сапалы менеджменттің жапон құралын зерттеу бойынша үш күндік семинар басталды
1492 / 19.04.2018 17:44

Сапалы менеджменттің жапон құралын зерттеу бойынша үш күндік семинар басталды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері үшін «Кайдзен - сапалы менеджменттің жапон құралы негізінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптары бойынша ИМЖ практикалық жүзеге асыру» тақырыбында семинар басталды.

Дәріскер ретінде Еуропалық Сапа Ұйымымен сертификатталған ISO бойынша бас кеңесші Анатолий Бандуро шақырылды.

Семинар барысында кеңесші мамандардың назарын кәсіпорында орын алған процестер үздіксіз жетілуді талап ететіндігіне аударған.

- Әрбір бөлімшенің өкілдері өз қызметінде үш сұраққа нақты жауап беруі тиіс: Сіз не істеп жатырсыз? Сіз мұны неге істеп жатырсыз? Және сіз мұны қалай жасап жатырсыз? – деді ол.

Басшылар мен қызметкерлер арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама ұжымдағы жұмыс тиімділігін 30 пайызға арттыруға болатынын көрсетті. Күн шығыс еліне бірнеше жылда соғыстан кейінгі экономиканы қирандыдан көтеруге мүмкіндік берген жапон философиясы өндіріс тиімділігі бойынша тапсырмаларды шешуге бағытталған. Ол қызметкердің кәсіби және жеке қасиеттерін, өндіріс үдерісін, менеджментті, тұтынушылармен қарым-қатынастарды және тағы басқаларды жақсартуға бағытталған.

Семинар тыңдаушылармен диалог форматында өтті.

Аталмыш іс-шаралар басшылықтың, сондай-ақ бөлімшелердің мамандарының барлық деңгейлеріндегі сапа менеджменті мәселелерінде біліктілікті арттыру үшін арналған.

Осындай семинарлар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «Жол бөлімдері» филиалының қызметкерлері үшін де ұйымдастырылады.

Поделиться:
Популярные новости
33 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

114 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

347 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер