Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қытай-Еуропа-Қытай трансконтинентальды бағытының қатысушылары Минскіде 2018 жылға транзиттік тасымалдау жоспарларын келісті
1251 / 13.04.2018 17:41

Қытай-Еуропа-Қытай трансконтинентальды бағытының қатысушылары Минскіде 2018 жылға транзиттік тасымалдау жоспарларын келісті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика бойынша Компанияның вице-президенті Санжар Елеубаев бастаған делегация Минск қаласында Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздармен тасымалдау бойынша Бірлескен жұмыс тобының екінші кездесуіне қатысты. Кездесуге Ресей, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша теміржол өкілдері қатысты.

Тараптар 2017 жылы Қытай-Еуропа-Қытай жолында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және 2018 жылға жоспарланған көлік қозғалысын ұйымдастыру бойынша темір жол жұмыстарының нәтижелерін талқылады.

Іс-шара барысында тасымалдау үдерісінің барлық қатысушыларының күш-жігерінің арқасында Қытай-Еуропа бағытында тасымалданған контейнерлік пойыздар санының едәуір ұлғаюы байқалды.

Қытай теміржолдар корпорациясының бас директорының орынбасары Лю Чжэньфанның айтуынша, 2017 жылы «ҚТЖ» 3673 контейнерлік пойыз жіберілді, оның ішінде Қытай-Еуропа бағыты бойынша 2399 поезд, бұл 2016 жылға қарағанда 112%-ға жоғары.

Еуропадан Қытайға қарсы бағытта 1274 поезд жөнелтілген, бұл да 2016 жылға қарағанда 123% -ға жоғары.

Өсу қарқыны жалғасуда. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан аумағынан жүріп өтетін контейнерлік пойыздардың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 143% -ды құрады.

Бірлескен жұмыс тобының отырысы барысында тасымалдау және маркетингті ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимыл саласындағы жеті теміржол әкімшілігінен құралған кіші топтардың сарапшыларының жұмыстары талқыланды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Интеграциялық жоспарлау және ақпараттандыру жөніндегі вице-президенті Сағындық Жұмабаев атап өткендей, сарапшылар контейнерлік пойыздардың өтуін жетілдірудің технологиялық сипатын, соның ішінде контейнерлік пойыздар бағыттарының жүру жылдамдықтарын және маршруттар географиясын кеңейт, жүк тасымалдарын бақылау рәсімдерін жеңілдету үшін кеден және басқа реттеуші органдармен электронды ақпарат алмасуды дамыту және басқа да мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Хаттамаға қол қойылды. Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздарды тасымалдау бойынша Бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысы 2018 жылдың 16-18 қыркүйегінде Потсдам қаласында (Германия) өтеді. Кездесу барысында жаңа қатысушылар - Литва, Латвия және Австрияның жұмыс тобына қосылу туралы мәселені қарастыру жоспарланып отыр.

Бірлескен жұмыс тобы 2017 жылы жеті елдің - Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Монғолия, Польша және Ресей темір жолдары арасында жасалған «Қытай-Еуропа» байланысында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы Келісімді жүзеге асыру мақсатында құрылғанын еске сала кетейік.


Поделиться:
Популярные новости
4 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

204 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

67 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер