«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Республика аумағында жазғы каникул қарсаңында өткізілген Жалпыұлттық ата-аналар жиналысына «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ» қызметкерлері де белсенді қатысты.
Олар ата-аналар алдында теміржол нысандарында тәртіп сақтаудың Ережелерін түсіндірді. Теміржолшылар жазғы каникул қарсаңында оқушылар мен олардың ата-аналарымен теміржол нысандары аумағында жүру Ережесін сақтаудың алдын -алу шаралары бойынша кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, лекциялар оқуда.
Елордасындағы №15 орта мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы аясында Астана локомотив пайдалану депосының машинисі Еркебұлан Құдабаев пен Асқар Хасанов теміржол маңында апатты жағдайды болдырмас үшін, барынша абай болып, сақ жүру керектігін баяндады.
«Жүргінші өзінің өмірін қауіптен қорғау үшін жол қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Кейде адамдар небәрі 100 метр жерді қысқарту үшін басын қауіпке тігеді де, пойыз доңғалағының астында қалады»,-дейді А. Хасанов.
Мектеп директоры Бауыржан Жәркеновтің айтуынша, «әрбір ата-ана баласының сабақты жақсы оқуын қадағалап қана қоймай, Жол ережесін сақтауын да бақылап жүргені жөн»
«ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ Техникалық саясат жөніндегі вице-президенті Иван Костыряның хабарлауынша, барлық жол бөлімшелерінде темір жолдар мен өткелдерде болатын оқиғалар санын азайту мақсатында кешенді шаралар өткізілуде.
«2018 жылдың төрт айында локомотив пайдалану депосының машинистері жолдағы апатты жағдайлардың алдын -алу үшін 700 мәрте шұғыл тежегішті басып, пойызды тоқтатқан. Соған қарамастан, жыл басынан бері пойыздың адамды қағып кетуінің бірнеше оқиғалары тіркелсе, оның ішінде балаларға қатысты орын алғандары да бар»,-дейді И. Костыря.
Оның айтуынша, теміржолшылар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды, бағыттауыш бұрмаларды, теміржол өткелі арқылы арқылы көпшілік өтетін тұстардағы дыбыс зорайтқыштың қалыпты жұмысын, көпірлерді тұрақты түрде тексеріп отырады. Тексеру қорытындыларымен орын алған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Қазіргі таңда жол бойына жақын орналасқан оқу орындары мен кәсіпорындарда, елді мекендерде теміржол қауіпсіздігі шаралары Ережесі бойынша лекциялар оқылып, бейнероликтер көрсетілуде.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...