Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстандық шипажайларда демалатын теміржолшылар саны жылма –жыл  артып келеді
1493 / 17.05.2018 15:27

Қазақстандық шипажайларда демалатын теміржолшылар саны жылма –жыл артып келеді

Биылғы жылы Ұлттық тасымалдаушы өз еңбеккерлеріне санаториялық шипажай жолдамаларын өткен жылға қарағанда үш есеге арттырды. Теміржолшылардың балаларының тынығу лагеріне жолдамалары өткен жылға қарағанда бір жарым есеге көбейді.

Теміржолшылар мен отбасы мүшелері Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шипажайларында тынығады.

- Біздің еңбеккерлеріміздің денсаулығына бірінші қатарда басымдық беріледі. Биылғы жылы теміржолшыларға арналған әлеуметтік көмектерді бұрынғыдан да өсірдік. Олар қашанда өздеріне жұмыс берушілердің шынайы қамқорлығын сезінгені жөн»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмухамбетов.

Бұл жолдамалардың 2200-і Сәкен Сейфуллин атындағы шипажайға бөлінген. Мұнда жылына төрт мыңнан астам машинистер, вагоншылар, пойыз қараушылары мен саланың зейнеткерлері демалады. Олар екі аптада емделу курсынан өтіп, түрлі сырқаттарынан сауығады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы - С. Сейфуллин атындағы шипажайдың директоры міндетін атқарушы Майя Өтемұратованың айтуынша, әрбір емделушіге арнайы дербес әдістемелер қарастырылған.

Оның ішінде физиотерапия, батпақпен емдеу, гидромассаж, барокамера, шөппен емдеу ұсынылады. Негізінен, адам ағзасының түрлі жүйке ауруларынан, шлактардан арылтып, иммунитетін көтереді. Теміржолшылар толық курстан өткенде, жігері тасып, көңілі күйі көтеріледі. Мәселен, Жамбыл теміржолында 30 жылдан бері пойыз қабылдаушы болып еңбек ететін Мұратбай Нұғманов басшылықтың шешіміне дән риза.

-Бұл шипажайға тұңғыш келуім. Кадр бөліміне еңбек демалысымды әрі жолдамаға өтініш жаздым. Бірнеше шипажайларды ұсынып еді. Менің таңдауым Бурабай шипажайына түсті. Жолдама құнының 90 пайызын жұмыс беруші төлесе, қалған он пайызын еңбекші төлейді. Маған барлығы 14 мың теңгеге түсті. Күніне мың теңгеден сәл асады. Отбасына көп салмақ салмайды. Мүмкіндік болса, келесі жылы да келсем деген ойдамын. Теміржол басшыларына әрі шипажай дәрігерлеріне осындай мүмкіндік әпергені үшін алғысым шексіз»,- дейді М. Нұғманов.

Екібастұздық машинист Қанат Расқұлов 22 жылдан бері теміржолда еңбек етеді. Оның 16 жылында пойыз жүргізеді.

-Кез-келген еңбеккер жолдама ала алады. Кадр қызметіндегілер қай жерге барып емделуге болатындығы туралы кеңес береді. Маған Бурабай шипажайы ұнады. Таза ауа, тамағы құнарлы, массаж жасатып, жауырынымның сыздағаны басылды»,-дейді ол.

Қарағанды локомотив пайдалану депосының машинисі Александр Полевода зайыбымен, екі баласымен демалысқа келіпті. Ол теміржолда он жылдан бері еңбек етеді. Отбасылық демалыс небәрі он екі мың теңгеге түскен.

«Біз мұнда жылда келуге тырысамыз. Мұндағы дәрігерлер өте тиянақты. Шипажай да табиғаты ғажайып жерге орналасқан»,-дейді машинист.

Поделиться:
Популярные новости
16 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

336 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

48 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер