Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шекараға жақын өткізу бекеттер арқылы өтетін жүктер туралы ақпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Астана-1» жүйесіне жіберіледі
1637 / 23.04.2018 17:47

Шекараға жақын өткізу бекеттер арқылы өтетін жүктер туралы ақпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Астана-1» жүйесіне жіберіледі

2018 жылдың басынан бастап «Астана-1» ақпараттық жүйесіне темiржол транспортымен шекараға жақын өткiзу пункттерi арқылы тасымалданған жүктер туралы 68 мыңнан астам электронды декларация келіп түсті.

Кеден одағының кедендік шекасының қазақстандық учаскесіндегі барлық шекараға жақын өткізу бекеттері бойынша теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Астана-1» ақпараттық жүйесіне «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ) арқылы автоматты режимде жіберіледі.

«ККЖ АБЖ жүйесі қағаз құжат айналымын азайтады және жүктерді жөнелту мен тасымалдау процесінде ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді», - дейді «КТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ-ның Ақпараттық жүйелер департаментінің бас менеджері Гүлмира Ахметова.

Г.Ахметова «ККЖ АБЖ-нің «Астана-1» ақпараттық жүйесімен интеграциялануы» шекараға жақын өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларды жүргізуді жеделдететінін түсіндірді. Жүктер туралы алдын-ала ақпараттың маңыздылығы оларды тасымалдау кезіндегі тәуекелдерді азайтатындығында.

Кеден органдарына жіберілетін алдын ала ақпарат бұдан әрі тасымалдаушының атынан транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде пайдаланылады. Мемлекеттік кіріс органдарының жүк туралы алдын ала ақпараттары Кеден одағының Кеден заңнамасымен анықталады және тасымалдаушының жауапкершілігіне кіреді


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
11 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

57 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер