Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жүк тасымалдау әлеуеті өсуде
1569 / 24.04.2018 17:40

Жүк тасымалдау әлеуеті өсуде

Алматыда жұмыс жиналысы барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалдарының өндірістік және қаржылық қызметінің 2018 жылдың бірінші тоқсанына арналған қорытындылары шығарылды және және жыл аяғына дейін қойылған міндеттер айқындалды. Кездесуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Интеграциялық жоспарлау және ақпараттандыру жөніндегі вице-президенті Сағындық Жұмабаев және «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Марат Шакенов басқарды.

Сағындық Жұмабаев атап өткендей, есепті кезеңде жүктерді тасымалдау бойынша жоспарланған тапсырмалар орындалды. Жүк тиеудің артуы астық, құрылыс жүктері сияқты жүк номенклатуралары бойынша байқалады. Ол ағымдағы жылдағы басым міндеттердің бірі - жүк жөнелтушілердің мәлімделген көлемін қамтамасыз ету, жаңа көлемдерді тарту, транзиттік пойыздардың өткізілуін қамтамасыз ету екендігін атады, бұл өз кезегінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ кірісінің ұлғаюына әсер етеді. Жұмабаев жүк тасымалының одан әрі өсуінің жоғары әлеуетін атап өтті.

- Біз тәулігіне 800 және одан да көп тонна жүктерді тиеуге дайынбыз. Жылдың соңына дейін жоспарланған жоспарға қосымша 20 миллион тонна жүк тасымалдау үшін барлық жағдай жасалға », - деді ол.

Жиналыс барысында пойыздардың қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік процестерді жетілдіру бойынша алдын алу шараларын өткізу қажеттілігіне баса назар аударылды. Филиалдарда жылжымалы құрамды тиімді пайдалану мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлінетіні аталып кетті. Осы мәселе бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Сонымен қатар, жүк тасымалдау бөлімдерінде қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға, әлеуметтік тұрақтылық рейтингісін арттыруға, еңбек және демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды өткізудің маңыздылығына назар аударылды.

«Қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқаты мен қызығушылығыбұл жоғары өндірістік көрсеткіштердің кепілі», - деп қорытындылады вице-президент.

Жиналыста бірқатар филиал басшыларының жұмыс көрсеткіштерін орындау туралы, жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейінің жай-күйі туралы баяндамалары тыңдады. Жиналыс нәтижесінде өндірістік процестерді жетілдіруге және жол учаскелері қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалынды.


Поделиться:
Популярные новости
63 / 25.12.2025

ҚТЖ локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйін жаңартты

2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы аясында 15 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға ...

62 / 25.12.2025

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңа жыл қарсаңында «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға сый...

147 / 22.12.2025

Владимир Петров «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – &la...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер