Поездар ұйықтамайтын жер: Алматы-1 сұрыптау төбесіндегі бір күн
Алматы-1 станциясы — бұл Алматылық өңірдің теміржол картасындағы жай ғана тора...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желісінде наурызда жүк тиеу көлемі 7,8% пайызға өсті. Алғашқы тоқсанда жүк тиеу көлемі жоспардағыдан 3,2% артса, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,6% жоғары көрсеткіш.
Аталмыш мерзімде көмір, құрылыс материалдары, цемент, түсті металдар мен химиялық заттар тасымалдау көлемі өсті.
Жыл басынан бері астық тасымалы 3,2 миллион тоннаға жеткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 60 пайызға жоғары көрсеткіш. Бір миллион тонна ұн өнімдері тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 33% жоғары көрсеткіш.
Биылғы бірінші тоқсанда облыс әкімдіктерінің тапсырысымен сұраныс иелерінің мекен жайына көмір жөнелту көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8% өскен.
Ағымдағы жылы экспорттық тасымал көлемі артқандығы байқалды. Экспорттық тасымал көлемі 19,6 млн. тонна құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1% жоғары.
Түркменстан (133%), Қытай (42%) және Өзбекстанмен (41%) шекаралық теміржол өткелдерінде жүк ағыны өсті. Ақтау порты арқылы жүк өткізу көлемі 45% өсті.
Биылғы алғашқы тоқсандағы импорттық тасымал көлемі 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8% өсті. Оның ішінде Ресей (6%), Қытай (21%), Өзбекстан және Түркменстан (23%) шекаралық теміржол өткелдерінде импорттық тасымал өскендігі байқалды.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағымен 773 контейнерлік пойыз өткізілді. Оның ішінде Қытай-Еуропа бағдарындағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 1,3 есеге артқандығы байқалды. Еуропадан Қытайға қарай тасымал көлемі 1,6 есеге артты. Ченду – Достық – Лодзь бағдарындағы транзиттік тасымал көлемі өсті.
Алматы-1 станциясы — бұл Алматылық өңірдің теміржол картасындағы жай ғана торап емес, тыным таппайтын тірі организм. Мұнда тәулік бойы тоқтаусыз...
Жүк құжаттарын өңдеу операторы Нұрхан Ханжаббарова станцияны бес саусағындай біледі. Оның теміржолдағы еңбек өтілі — 35 жыл. Ол тасымал құжаттар...
Ортақ іске адалдығы, жоғары жауапкершілік деңгейі және 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған іс-шараларға белсенді...