Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қаңтарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы  жоспардағыдан 9,6% өсті
1883 / 06.02.2018 11:50

Қаңтарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы жоспардағыдан 9,6% өсті

Жылдың алғашқы айындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы 19,8 млн.тоннаға жеткізілді.

Қаңтарда мың тоннадан астам астық тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 65% жоғары көрсеткіш. 400 мың тонна ұн өнімдері тасымалданды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жоғары.

Қаңтарда көмір тасымалы 8,9 млн. тонна құрады. Сонымен қатар ҚР әкімдіктері мен тұтынушылары тапсырысымен әлеуметтік -тұрмыстық көмір тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13% өсті.

Аталмыш мерзімде мұнай және мұнай өнімдерін тиеу көлемі 1,6 млн.тонна құрады. Бұл өткен жылғы қаңтарға қарағанда, 5% жоғары көрсеткіш. Темір жентектерін тиеу көлемі 1,9 млн. тоннаға жеткізілді. Бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 8% артық.

Химиялық және минералды тыңайтқыштар тасымалдау көлемі 3 миллион тоннаға жетті. Ол тасымал көлемінің 31,7% өскендігін байқатады.

Түсті металл мен құрылыс материалдарын тасымалдау 1,5 миллион тонна және 9 миллион тоннаны құрады.

Қаңтарда экспорттық тасымал көлемі екі пайызға өскен.

Әсіресе, Қытай (32%) және Өзбекстан (81%) шекаралық теміржол өткелдерімен көп жүктің өткендігі байқалды. Ақтау теңіз порты арқылы жүк тасымалдау көлемі 27% өсті. Түркменстанмен шекаралық Болашақ станциясында жүк тасымалы көлемі үш есеге артқан.

Импорттық тасымал көлемі 2017 жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 13% өскен. Оның ішінде Ресеймен шекаралық өткелде (5%), Қытаймен (62%), Өзбекстанмен (53%), Түркменстанмен (50%), Қырғызстанмен (36%) артқан.

Қаңтар айында Қазақстан аумағымен 290 контейнерлік пойыз өткен. Оның ішінде Қытай-Еуропа бағдарымен контейнерлік тасымалдың көлемі 1,3 есеге өскен. Кері қарайғы бағдарға 1,9 есеге артқан. Негізгі транзиттік тасымалдау көлемі Ченду- Достық- Лодзь бағдарына жөнелтілген.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
4 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

12 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер